42500 теңге кімге төленбейді: Еңбек министрлігінің түсіндірмесі
42500 теңге әлеуметтік төлемін ала алмайтындар тізімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
42 500 теңге әлеуметтік төлемді ала алмайды:
- ТЖ енгізілгенге дейін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған азаматтар (олар үшін жұмыс берушілер немесе өзі үшін ЖК аударым жасамаған);
- Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған БЖТ төлеушілер (ресми түрде өзін жұмыспен қамтушы азаматтар ТЖ енгізілгенге дейін төлеу керек болса, бейресми түрде өзін жұмыспен қамтушы азаматтар әлеуметтік төлемге өтінім берер алдында БЖТ төлеу керек);
- АҚС шарттары бойынша табыс алатын, бірақ ТЖ енгізілгенге дейін зейнетақы жарнасын жасамаған жеке тұлғалар;
- екі жұмыс орнында жұмыс істеген азаматтар, соның ішінде кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар, егер олар бір жұмыс орнында болсын қашықтан жұмыс істеуді жалғастырса;
- ТЖ енгізілгеннен кейін БЖТ алғаш төлеген азаматтар, егер олар зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыларды алатын болса;
- басқа елге тұрақты тұруға көшуге байланысты тіркеуден шығарылған адамдар.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 16 сәуірде, үкіметтің веб-сайтында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің төтенше жағдай кезіндегі төлемдер ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрығы жарияланған еді.