Азиялық сұлу шын жасын айтып әлемді таңқалдырды (фото)
Суреттегі бойжеткеннің жасын дәл анықтай алмауыңыз мүмкін. Тайвандық сәнгер көптен бері желідегілерді өзінің әдемі суреттерімен тамсандырып жүр. 42 жастағы келіншектің дене сымбатының мұншалық мінсіз болуы кімге болса да таң.
Бұл туралы The Daily Mail басылымы жазды.
Бір қарағанда суреттегі сылқымды студент деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ, Лужэ Сюйдің биологиялық жасы – 42. Ол сұлулығының басты құпиясы су мен көкөністерде екенін айтып жатыр. Оның мұншалық танымал болуына алғаш сіңілісі Шарон Сюй себепші болған-ды.
35 жастағы актриса Шарон 2015 жылы әпкесін бағдарлама қонағы болуға шақырады. Аталған жылдың тамыз айында Лужэ Facebook желісінде 40 жасқа толған туған күнін атап жатқаны туралы жаңалықты бөлісіп, желідегілерді таңдай қақтырған болатын.
Бүгінде сәнгердің Instagram парақшасына 230 000 адам тіркеліп үлгерген. Ал Facebook желісінде 341 мыңнан астам досы бар екен. Ол желідегі парақшаларын тексеру үшін көп уақыт жұмсайтынын айтып жатыр.
Тайвандық келіншек журналдардың біріне берген сұхбатында жастығының құпиясын бөлісті. Ол күнделікті көбірек су ішіп, тек көкөніс жейді екен. Кока-кола сынды газдалған, тәтті сусындарды мүлдем ішпейді. Тек таңертең қара кофе ішуі мүмкін. Мұнымен қатар, ол ет жемейді.
“Кез келген қыз-келіншек күнделікті бетін ылғалдандырып тұруы тиіс деп ойлаймын. Сол кезде әжімдер туралы уайымдамаса да болады”, – дейді ол. Терісін созылудан қорғау үшін С дәрумені мен коллагенді тұтынады екен.
Жіберіп алмаңыз:
Басы екі есе ұлғайған бүлдіршін отаға жетпей шетінеп кетті (фото)
99 қарбыздың көмегімен сүйіктісінен кешірім сұрамақ болған жігіттің жоспары іске аспады
Жанкүйер қыз Роналдудан өзін әйелдікке алуын сұрады
Оттың ортасында арпалысқан өрт сөндірушілер айына 52 мың теңге ғана алады