Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

400 адам, иттер мен дрон арқылы іздеген: Қостанайда жоғалып кеткен ер адам полицияға өзі келді

Қостанай облысында із-түссіз жоғалып кеткен 32 жастағы ер адам полицияға өз келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Алау басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

ер адам

Фото: Алау басылымынан

Ер адам туралы ақпаратты Қостанай облысының іздеу-құтқару тобы жариялаған. 

"Ер адам табылды. Жоғалып кеткен ер адам полиция инспекторына өзі келді", – делінген хабарламада. 

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше 21 тамызда 112 нөміріне ер адамның байланысқа шықпай жатқаны жөнінде қоңырау түскен. Сол күні 11:00-де ол жеке көлігімен Алтынсарин ауылынан Қостанайға жолға шыққан. 

Ер адамды іздеуге, құтқарушылар, полицейлер, әскерилер, барлығы 400 адам іздестірген. Сондай-ақ иттер мен дронды да қолданған. 

Талқылау