"40 жастан кейін демалысты аңсайсың": Динара Сәтжан жолдасымен бірге Испанияға аттанды
Фото: Stan.kz
Белгілі қазақстандық медиамаман, журналист Динара Сәтжан күйеуі, бизнесмен Жұмабек Жанықұловпен демалысқа аттанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"40 жастан кейін бәрібір мағыналы демалысты аңсайды екенсің. Күн, теңіз, массаж, ағзаға қажетті дәрумендер және детокс. Ағзаны қалпына келтіру бір басқа, жүйке жүйесін демалдыру бір бөлек. Біздің ресурстарымыз көп емес. Сондықтан өзіңізге көңіл бөлуді ұмытпаңыз", – деп жазды ол.
-
"Rolls-Royce алып бермек": Динара Сәтжан күйеуінің қалай еркелететінін айтып берді
-
"Жүзігі – 150 миллион теңге": Динара Сәтжанның неке қию кезіндегі образы қызу талқыға түсті
Айта кетейік, наурыз айында тележурналист меценатқа тұрмысқа шыққан еді.
“Көп адам оның бұрынғы отбасы туралы білгісі келеді. 2023 жылы ресми түрде ажырасқан. Мен онымен сұхбаттастым. Көрермен де шет-жағасын біледі. Содан кейін бәрі басталды. Оған дейін мен танитынмын. Оның сондай іскер азамат екенін, Forbes журналының мұқабасына шыққанын білемін. Сұхбат шыққаннан кейін жақын араласа бастадық. Бір көргеннен ғашық болдым деп айтпай-ақ қояйын. Ондай сөзге онша сене де бермеймін. Ол кісі өте көп адамдарға көмектескен. Сол үшін де қатты құрметтеймін”, – деген еді журналист.

Жамбыл облысында ерлі-зайыптылар өз достарының 15 жастағы қызын зорлады деп айыпталды
