Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

4 желтоқсанда Айдың ерекше құбылысы байқалады

4 желтоқсанның түнінде Айдың таңғажайып құбылысын көруге болады.

Бұл туралы Роскосмос хабарлайды.

«Айдың ең үлкен және ең кіші дискісін жылына бір рет қана көре аламыз. Бұл құбылыс толған Айдың перигей нүктесіне (серік орбитасының Жерге ең жақын нүктесі) жеткен кезіне тура келгенде болады. Ал Айдың ең кіші дискісін толған Ай өз орбитасының апегой нүктесіне жеткен кезінде көре аламыз», – деп жазылған хабарламада.

Желтоқсандағы Айдың толуы 3 желтоқсан күні Астана уақытымен 21:49-да шегіне жетеді. Ал 4 желтоқсан күні 11:43-те Ай Жерге жақындайды. Ол 2017 жылдағы ең жақын нүктесіне таяп келеді. Яғни бұл уақытта Айдың перигейі 357 495 километрге дейін қысқарады. Бұл кезде Жердің табиғи серігі апогей нүктесіндегіге қарағанда 14 пайызға үлкен, 30 пайызға жарық болып көрінеді екен. Аспан ашық болған жағдайда, оңтүстік көкжиектің үстіндегі «супер» Айды түні бойы тамашалауға болады.

Оқи отырыңыз:

Қытайлықтар жүздеген тарақанды ұшаққа алып кірмек болды

Дағыстандық оқушының шағымы желідегілерді күлкіге қарық қылды (видео)

Иран тұрғыны Анджелина Джолиға ұқсаймын деп 50 пластикалық ота жасатқан (видео)

Теңіз тағамдарын тірідей жұтқан қытайлықтар әлем халықтарын шошытты (видео)

Талқылау