Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"4 сағат күте тұрыңыз": Дженнифер Лопестің концертіне билет сататын сайт істен шықты

11 сәуірден бастап Астанада өтетін Дженнифер Лопестің концертіне билет сатылымға шығады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz 

Америкалық жұлдыз елімізге 1 тамыз күні келеді. 

Қазақстанда алғаш рет өтетін концерттің билеттері www.ticketon.kz сайтында сатылымға шығуы керек еді. Алайда сағат 11:00 болмай, сайт істемей қалды. 

Сайт әкімшілігі техникалық себептерге байланысты сайт уақытша жұмыс істемейтінін жазған. Тіпті “Сіз кезекте тұрсыз. Төрт сағат күтуіңізге тура келеді” деп ескерткен. Концерт "Астана Арена" стадионында өтеді. 



Еске салайық, Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінен еліміз қанша табыс табатыны белгілі болғанын жазған едік. 

Америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопестің концертіне 15 мың турист келіп, қазынаға 400 миллион теңгеден аса салық түсетіні айтылды. 

Талқылау