4 автокөлік, 4 пәтер мен жеке үй: Перизат Қайраттың мүлкі аукционда сатылады
Фото: Қаржы мониторингі агенттігі/instagram.com/01pk
Қаржы мониторингі агенттігі қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырды деп айыпталған Перизат Қайраттың мүлкі мен қымбат бұйымдарымен сот орындаушылары айналысатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Халықтың жинаған ақшасын жымқырып, алаяқтық жасады деп айыпталған Перизат Қайраттың тәркіленген мүлкі аукионда сатылымға шығарылмақ.
“Тәркіленген мүлік аукционға қойылып, сол қаражатпен Перизат Қайраттың ісі бойынша жәбірленушілердің шығыны өтеледі”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, сот ұрланған ақшаға сатып алынған мүліктерді тәркілеуге үкім шығарған еді.
- Vela Village коттедждер қалашығындағы тұрғын үй;
- Akbulak Riviera, Sensata Plaza, Highvill Ishim Gold, "Көк Жайлау" тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер, тұрақ орнымен қоса;
- премиум санаттағы автомобильдер: Mercedes-Benz S450 (2024 ж.), Lexus LX 600 (2024 ж.), Mercedes-Benz EQE 500 4Matic (2023 ж.), Haval H6 GT (2024 ж.);
- “Rebel Flowers” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 100% үлесі;
- 97 млн теңгеден және 22 мың доллардан астам ақша.
Еске салсақ, 25 шілдеде судья Сабыржан Кәрімов Перизат Қайратты кінәлі деп танып, оны 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Оның анасы да кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол сот залында қамауға алынды. Сотталғандар жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейді. Тергеу деректері бойынша, 47 адам жәбірленуші ретінде танылған.

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
