4 адам көз жұмды: Алматы облысы Ұйғыр ауданында өрт шықты
Алматы облысында өрт кезінде төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 желтоқсан күні таңғы сағат 5.40-та облыстық ТЖД-ға Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келген ТЖД өртке қарсы қызмет қызметкерлері жеке тұрғын үй аумағындағы уақытша тұрғын үй құрылысын толығымен отпен қамтығанын анықтады.
"Өртті сөндіру барысында оқиға орнынан төрт адамның денесі табылды. Өрт сағат 6.09-да ауыздықталып, 40 шаршы метр алаңда 6.45-те сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда", - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Талқылау

“Газ плитасы, күннен қуат алатын панельдер алып дайындаламыз”: Алакөлде шатырда қонып жүрген қазақстандық отбасы жабайы демалысты дәстүрге айналдырған
Жағажайда ауыз су, желі мен санитарлық жағдай жоқ

"Бір нүктеде қатып қалды": Аспанда "тоқтап тұрған" ұшақтың видеосы қызу талқылануда
Желі пайдаланушылары: "Құлап кете ме деп қатты қорықтым”