"4-6 орын алғандарға да сыйақы беріледі": Қазақстан Олимпиада жүлдегерлеріне 1 миллиард теңгеден астам ақша төлейді
Қазақстан 2024 жылғы Париж Олимпиадасының жеңімпаздарына миллиард теңгеден астам ақшалай сыйлық береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Спорт Шредингера Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Төлемдер республикалық бюджеттен жүзеге асырылып, Үкімет қаулысымен реттеледі. Ондағы сомалар доллармен көрсетілген. Оның үстіне Қазақстан алтын, күміс, қола жүлдеден бөлек, 4-6 орын алған спортшыларға да сыйақы береді.
Алтын жүлде үшін – 250 мың доллар, күміске – 150 мың доллар және қола жүлдеге 75 мың доллар беріледі. Ал 4 орын иеленгендер 30 мың доллар, 5 орын – 10 мың доллар және 6 орынға 5 мың доллар төленеді.
Командалық жарыстарда әрбір спортшы толық соманы алады. Мысалы, пневматикалық винтовка атудан командалық қола үшін Қазақстан екі есе сыйақы төлейді – Александра Ле мен Ислам Сәтбаев 75 мың доллардан алады.
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Париждегі Олимпиада ойындарында алтын иеленгені үшін 250 мың доллар алады. Күміс жүлдеге жалпы 450 мың доллар бөлінген. Бұл сыйақыны спорттық гимнастикадан өнер көрсеткен Нариман Құрбанов, грек-рим күресінен қатысқан Демеу Жадраев пен боксшы Нұрбек Оралбай алады. Ал қола жүлденің жалпы сомасы 300 мың доллар. Аталған сыйақыны пневматикалық винтовкадан атудан Александра Ле және Ислам Сәтбаев, дзюдодан Ғұсман Қырғызбаев пен боксшы Назым Қызайбай алады.
Бесінші орын иеленгендерге жалпы 60 мың доллар сыйақы бөлінген. Бұл сыйақыны алатындар: үш боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі), Сәкен Бибосынұлы (51 келі), Айбек Оралбай (92 келі) мен дзюдошы Абиба Әбужықанова (48 келі), гимнастикадан Милад Карими және құзға өрмелеу бойынша қатысқан Әмір Маймұратов.
Ал алтыншы орын алғандарға 36 мың доллар бөлінген. Пневматикалық винтовкадан атудан Александра Ле, семсерлесуден бақ сынасқан Руслан Құрбанов пен Шпападан семсерлесуден Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай аталған сыйақыны алады.
Осылайша, 2024 жылғы Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан спортшыларға 1 миллион 96 мың доллар, яғни 524 миллион 23 мың теңге төлейді.
Бірақ Қазақстан тек спортшыларға ғана емес, жаттықтырушыларға да сыйақы төлейді. Елдос Сметовтың алтыны үшін үш жаттықтырушы (бірінші, жеке, ұлттық құраманың бас бапкері) барлығы 250 000 доллар алады. Осылайша бапкерлердің барлығы бірдей 1 миллион 96 мың доллар иеленеді.
Осылайша, 2024 жылғы Олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан спортшылар мен жаттықтырушыларға 2 миллион 192 мың доллар, яғни 1 миллиард 48 миллион 47 мың теңге төлейді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Париждегі Олимпиаданы жеті медальмен аяқтады.
Жалғыз "алтынды" дзюдошы Елдос Сметов алды. Ол 60 келі салмақта өнер көрсеткен еді.
Үш рет қазақстандықтар жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Гимнаст Нариман Құрбанов, грек-рим күресінен Демеу Жадраев (77 келіге дейін) және боксшы Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) Олимпиаданы күміспен аяқтады.
Олимпиада ойындарында Назым Қызайбай (бокс, 50 келіге дейін), атқыштар Александра Ле мен Ислам Сәтбаева (аралас командалық жарыс) және дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев қола жүлде иеленді. Осылайша Қазақстан жеті медаль иегері атанып, 43-ші орынға жайғасты.