Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"390 мың доллар талап етті": Кәсіпкерді бопсалаған алматылық тұрғын ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерді пара беруге итермелеген Алматы қаласының тұрғынын әшкереледі. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

фото: alnadim.com

Агенттіктің мәліметінше, ол өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырып, кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексеру шарасын жүргізетіні туралы жалған ақпарат берген. Күдікті өзінің делдалдық қызметтерін де ұсынып, мәселені шешу үшін кәсіпкерден 390 мың АҚШ долларын талап еткен.

"Кәсіпкер алаяқтық әрекеттерге бой алдырмай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінгеннен кейін, күдікті ақшаны алу кезінде ұсталды.
Сондай-ақ аталған азаматтың тұрғылықты жерін тінту кезінде қосымша 470 мың АҚШ доллары табылды. Олардың қайдан алынғаны және ұсталған адамның басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде", – делінген  агенттік хабарламасында. 

Сот күдіктіге қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасын тағайындады. Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Талқылау