Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

3,9 млн теңгеге дейін айыппұл: Блогер Жанәбіловтардың көлік ұтысынан кейін туризм министрлігі тексеруді қолға алды

Ерболат Жанәбілов заңсыз курс ұйымдастырып жатырФото: Ерболат Жанәбіловтардың желідегі парақшасынан

Туризм және спорт министрлігі Instagram әлеуметтік желісіндегі "Zhanabylov_e" және "elt6i" аккаунттарында өткізілген бағалы сыйлықтарды ұтысқа салуға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрлік жанындағы құмар ойындар мен лотерея қызметін реттеу комитетіне азамат С-дан жоғарыда көрсетілген блогерлер ұйымдастырған бағалы сыйлықтарды ұтысқа салудың лотерея қызметі туралы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру жөнінде өтініш келіп түсті.

Қазір азамат Жанабыловқа Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 743-бабының 1-бөлігіне (Хабардар ету) сәйкес түсініктеме беру қажеттілігі туралы хабарлама жолданды.  Тексеріс нәтижелері бойынша әкімшілік іс қозғау мәселесі қаралады.

Түсініктеме болмаған жағдайда комитет Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 445-1-бабының 6-бөлігі     (Лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғайды (жеке тұлғаларға 100 (393 200 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 300 (1 179 600 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 500 (1 966 000 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1000 (3932 000 теңге) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады). Азамат келмеген жағдайда іс сырттай қаралады.

"Еске саламыз, "Лотереялар және лотерея қызметі туралы" Заңының 5-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес лотерея операторы немесе лотерея таратушысы (агенті) болып табылмайтын тұлғалардың лотерея өткізуіне және лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуларына (сатуларына) тыйым салынады. Азаматтарды әлеуметтік желілерде ресми лотерея ұйымдастырушылары емес тұлғалар өткізетін күмәнді ұтыс ойындарына, "гивтерге" және өзге де іс-шараларға қатыспай, қырағылық танытуға шақырамыз. Бұл қаржылық шығынға ұшыраудан және алаяқтықтың құрбаны болудан сақтайды", – деп түсіндірді туризм министрлігі.


Алматылық қыз көшеде "құпия жәшік" ұсынғандардың ұтыс ойынына қатысып, сан соғып қалды


"Ұтып алған Iphone 16-ны бермей отыр": Блогер Aii парақшасында ұтыс ойнатамын деп дауға қалды


Еске салайық, күні кеше ғана блогер Ерболат Жанәбіловтер отбасы ұйымдастырған 10 көлік ұтысы дау туғызғанын жазған едік. Қаржы мониторингі агенттігі ұтыс заңдылығын тексеруге кірісіп, материалдар туризм министрлігінің "Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетіне" жолданды. Блогерлер курс бағасы 30 мың теңге деп көрсеткен, 1 миллион адам сатып алса 30 млрд теңге табыс табуға мүмкіндігі бар деп есептеледі.

Айым Атамбаева
Жексенбі, 24 Тамыз, 2025 16:03
Талқылау