Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қария 32 жылдан бері тасты қорек етіп келеді

Үндістанның Махараштра штатының кәрі тұрғыны 32 жыл бойы тас жегеніне қарамастан өмір сүріп келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Рамбхау Ободке (Rambhau Bodke) алғаш рет 1989 жылы өз ауылының кейуанасы айтқан кеңесі бойынша тас жұтқан. Әжей тас жұту іштің ауырсынуына көмектеседі деп сендірген. Және бұл әдіс іске асып, ол тас жеуді диетаның тұрақты бөлігіне айналдыруға бел байлаған. Қазір қария 80 жаста. Жасы үлкен болғанына қарамастан, күн сайын ер адам шамамен 250 грамм қиыршық тасты жейді.

Оның айтуынша, мұндай диета дәрігерлерді шошытады. Бірақ қария үшін бұл таптырмайтын ем.Тастардың емдік күшін олардың құрамындағы кальциймен түсіндіреді.

Жерді жеу геофагия деп аталады. Және ол көптеген елдерде кездеседі.  Габон, Камерун және Экваторлық Гвинеяда бұрыш пен кардамон қосылған сазды минералды каолинит жейді. Гаити аштықтан батпақты бәлеш ретінде жейтін көрінеді. 

Талқылау