"30 жыл бойы жеткілікті көңіл бөлмедім": Трамп АҚШ пен Орталық Азия елдері арасында тамаша қарым-қатынас басталғанын мәлімдеді
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
АҚШ президенті Дональд Трамп Америка, Қазақстан және Орталық Азия елдері арасында «жаңа тамаша қарым-қатынастар» басталғанын мәлімдеді. Ол мұны 7 қараша Вашингтонда өткен C5+1 саммитінің қорытындысы ретінде Truth әлеуметтік желісінде жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол Орталық Азия елдері басшыларымен саммит өткізу үлкен мәртебе болғанын жазды.
“Кеше мен үшін Ақ үйде бес тамаша ел президенттерінің қатысуымен саммит өткізу үлкен мәртебе болды. Қазақстаннан – Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстаннан – Шавкат Мирзиёев, Тәжікстаннан – Эмомали Рахмон, Қырғызстаннан – Садыр Жапаров және Түрікменстаннан – Сердар Бердымұхамедов келді”, – деп жазды ол.
Трампқа Қазақстаннан не керек және АҚШ біздің елге не бере алады?
Трамп Тоқаевты парасатты тұлға деп атап, Қазақстанға келуі мүмкін екенін айтты
Трамп соңғы 30 жылда стратегиялық маңызы зор әрі табиғи және адами ресурстарға бай бұл аймақтарға жеткілікті көңіл бөлмегенін жеткізді. Алайда қазір АҚШ президенті “бұл аймақтарға толықтай көңіл бөлуге ниетті” екенін айтты.
“C5+1 платформасының 10 жылдығына орай біз авиация, маңызды минералдар, ауыл шаруашылығы, темір жол, автокөлік өндірісі және технологиялар салаларында ондаған мың америкалық жұмыс орнын қолдайтын миллиардтаған долларлық коммерциялық келісімдерге қол қойдық. Саммит АҚШ пен Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түрікменстан арасындағы жаңа, тамаша қарым-қатынастардың басталғанын білдіреді”, – деді ол.
C5+1 – бұл Америка Құрама Штаттары мен Орталық Азияның бес елі (C5: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан) арасындағы дипломатиялық платформа. Ол аймақтық тұрақтылық, экономикалық даму және қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайту үшін құрылған.
Айта кетейік, 5 қараша күні Қасым-Жомарт Тоқаев Трамппен кездесу үшін АҚШ-қа барғанеді. Ал 6 қараша күні Тоқаев пен Трамп кездесіп, құны 17 миллиард доллардан асатын келісімге қолқойды. Кездесу кезінде Трамп Тоқаевтыпарасатты тұлға деп атап, Қазақстанға келуі мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамп пен Өзбекстанның мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев кездесіп,екі ел жалпы құны 100 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қойды.
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?