30 жастағы шоумен Нұржан Аташ үйленді

Әйгілі шоумен, тележүргізуші Нұржан Аташ 30 жасында үйленді. Үлкен той жасамаса да көптің басын қосып беташар тойын жасады. Әнші, әртістер түгел жиналған той қызықты өтті. 

"Құдай қуантып тұрғанда қуана алмасаң, қуаныштан тек жұбаныш табасың дейді! Қуанышымызға қуанып жатқандарға Жаратқан еселеп берсін!", - деп жазды Нұржан Аташ желіде. 

Өнер өкілдері Нұржан Аташтың отбасын құруымен құттықтап, ақ тілегін арнап жатыр. 

"Құттықтаймыз! Бақытты болыңдар!", - дейді Роза Әлқожа. 

"Бақытты болыңыздар!", - деп жазды Альбина Шардарова.

"Бақытты болыңыз! Қуанышыңызға ортақпын, Аташ аға", - деді Лара.

"Құсың құтты болсын! Алла бастарыңды тек бақыттан айналдырсын", - деді Жасұлан Базарбаев.


Беташарда ақша шашқан Нұрболат Абдуллин мен Серік Ибрагимов сынның астында қалды (видео)


"Бакытты болындар", - деді актер Бауыржан Сатов.

"Құтты болсын досы. Көп балалы әке мен ана болыңдар! Қуаныштымын", - деді Бағлан Әбдірайымов.

"Аллаға шүкір көптен күткен ұлы той. Нұржан Аташ бауырым, қолыңа қондырған құсың құтты болсын! Бақытты болыңдар. Осыны жиі-жиі қайталап тұрайықшы! Көтеруді ұмытып кетпейікші бір-бірімізді", - деп жазды Нұрболат Абдуллин.

"Аяғымды жерге тигізбей көтеріп жүретін бауырларым Нұрболат пен Әбдіжаппар. Табақ ұстап тұрған томпақ інім Алмас Қожа. Беташар айтқан Әзімбек Байлин", - деп жазды Серік Ибрагимов. 

"Өзіміздің той болғасын өзіміз білдік не істеуді. Нұржан Аташ отызға келіп орда бұзғасын оңай емес. Той құтты болсын. Нұрболат мені шешіндіргісі келе ме? Серік Ибрагимов не істерін білмей тұр ма? Әзімбек Байлин дұрыс айта ма? Мостик қалай?", - деп жазды Әбдіжаппар Әлқожа.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр