Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Беташарда ақша шашқан Нұрболат Абдуллин мен Серік Ибрагимов сынның астында қалды (видео)

Тыңдармандар әншілердің әнін тыңдап қана қоймай, жүріс-тұрысын бағып, жеке өміріне қызығушылық танытады. Әншілердің әр әрекеті көптің назарында. Бір ерсі қылығы үшін сын астында қалуы ғажап емес. Беташар тойда осындай әрекетке барған Нұрболат Абдуллин мен Серік Ибрагимов жұрттан сөз естіді.

Соңғы кезде қазақтың "Беташар" дәстүрі түрленіп барады. Салем салған ақ келінге ақша тастау жарысқа айналғандай. Бұл жарыс әншілер арасында да жалғасты. Қазақтың дәстүрін мазаққа айналдырды деп сөккендер көп. Күні кеше беташарда әншілер де ақша салып жарысты. 

Нұрболат Абдуллин, Серік Ибрагимов, Әбдіжаппар Әлқожа Нұржан Аташтың үйлену тойында көңіл көтерді. 

Нұрболат Абдуллин бір бума ақшаны көпшілікке қарай шашып жіберді. Серік Ибрагимов шұлығының ішінен ақша алып салды. Той қонақтары шоуды көріп, таң-тамаша болды.

Желідегі қолданушылардың басым бөлігі әншілерді сынға алды. 

"Дарақы қазағым-ай", "Ақшаларың көп болса, жетім-жесірге беріңдер", "Қазақтың тойын мазақ қып", "Әншілер есіріп барады", "Шегіртке десе намыстанады, істеп жүргендері анау", "Дәстүрді осылай құртады екен ғой", "Біреу ақшаны шашып жүр, біреуі шұлығына салып жүр", - деп жазды олар. 

Талқылау