AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

30 теңгені игере алмаған: Атырау халықаралық әуежайына 4,5 миллион теңге айыппұл салынды

Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайына 4,5 миллион теңге айыппұл салынды. Оған акционерлік қоғамның айналасында орналасқан кәсіпорындардан электр энергиясы үшін алынған 6 млн 300 мың теңгені толық игермеуі себеп болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әуежайдың қырағы бухгалтерлері есеп-қисап кезінде 30 теңгені мақсатты жұмсап үлгермеген. Әуежай ғимаратында орналасқан кәсіпкерлік нысандар электр энергиясына деп 6 млн 300 мың теңге төлеген. Алайда осы соманың отыз теңгесі мақсатты жұмсалмапты.

Сондықтан Монополияға қарсы агенттік әуежай әкімшілігіне 4,5 миллион теңге айыппұл салған. Алайда 30 теңге үшін опық жеп қалғандар қыруар қаржыны төлеуден бас тартып, сотқа жүгінбекші.

“Табиғи монополиялар туралы Заңға сәйкес, субъект тарифтік сметаны орындауға міндетті. Мұны әуежай басшылығы орындамағандықтан оларға 4,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік іс қозғалды. 30 теңге болмасын, АНПЗ компаниясы 53,7 млн негізсіз кіріс алып отыр. Алайда, әуежай департаменттің шешімімен келіспей, бізге материалды сотқа жіберу туралы өтініш жолдады", — дейді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің АОД басшысы Әлібек Төлеп.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр