Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

30 наурыздан бастап Атырау қаласы карантинге жабылады

30 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап Атырау аумағында карантин жарияланады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 наурыздағы № 8 шешіміне сәйкес, Атырау аумағында карантин 2020 жылдың 30 наурызында 00: 00-ден бастап жарияланады», - делінген хабарламада.

Шешімнің толық мәтіні жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

STAN.KZ
Жексенбі, 29 Наурыз, 2020 15:09
Талқылау