"30 миллион теңге қарыз": Wildberries қазақстандықтарға бір жарым айдан бері жалақы бермей жатыр (видео)
Ресейлік Wildberries компаниясы қазақстандық жүк тасымалдаушыларға жалақы түрінде 30 миллион теңге қарыз. Логистикалық компания иелері шағымдарын білдіріп, ереуілге шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Құрылтайшылары Владислав пен Татьяна Бакальчукты Ресейдегі ең бай бизнесмендерге айналдырған интернет-дүкен қазақстандық қызметкерлерге бір жарым айлық жалақысын төлеуден бас тартты. Жүк тасымалдаушылар өз құқықтарын қорғау үшін Астана-Қарағанды тас жолының бойында орналасқан қойма маңына жиналды.
Жеткізушілердің орташа жалақысы 1 миллион теңгеден асады. Кәсіпорынн 20 жұмысшыға 30 миллион теңге қарыз.
Мейірбек Маратұлының Wildberries-те жұмыс істеп жатқанына 6 айға жуықтады.
"Біз ресейлік компания басшылығына немесе шетелдік компаниялардың Қазақстандағы жұмысын реттейтін органдарға жүгініп жатырмыз. Wildberries бізге жалақы бермейді. Компания біздің тасымалдаушылар командасына 10 миллион теңге, тағы 20 миллион теңге қарыз", – деді ол.
Оның айтуынша, Қазақстандағы компания өкілдері бір-біріне сілтеп, нақты жауап бермейді.
"Қазір қолымызда 3 газель тауар бар. Жалақымыз төленбейінше тауарды шығармаймыз. Осы бір жарым айдың ішінде көлік, жанар-жағармай, жеке қажеттіліктерді өз қалтамыздан төледік. Қанша уақыт жұмсадық, бірақ төлем болмады", – деді жүргізуші.
Тағы бір жүргізуші Асқар Айтпаевтың айтуынша, компания шілде айының соңына дейін қарызын өтеуге уәде берген.
"Еш нәтиже жоқ. Тек екеуіне толық төленді. Қалған 12 адам әлі жалақыларын күтіп отыр. Бұл ретте әрбір жүргізуші жеке кәсіпкерлік ашты. Олардың барлығы салық төлейді. Сондықтан компания өкілдері өз міндеттемелерін орындағанын қалаймыз", – деді ол.
Асқар Айтпаевтың сөзінше, жүк тасымалдаушылардың жұмысын реттейтін компания өкілдері, бір-біріне сілтеп, жалақы төлеуден бас тартып отыр.
"Жүк тасымалдауға екі компания жауапты. Бұл “Логистика” және “Быстрой точки” компаниясы. “Логистика” басшылығы оның “Быстрой точки” ақшасына еш қатысы жоқ деп мәлімдейді. Ал “Быстрой точки” өкілдері барлық қаражат “Логистика” шоттарына аударылғанын айтады", – деді тасымалдаушы.
Wildberries 2004 жылы құрылған ресейлік маркетплейс. 2016-2020 жылдардағы тауар айналымы бойынша Ресейдегі ең ірі интернет-дүкен ретінде танылды. Компанияның филиалдары Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Израиль, Түркия, Өзбекстан және Әзірбайжанда ашылған.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда "Атакент" павильонында орналасқан Wildberries қоймасы өртене жаздағанын жазған едік. Өрт сөндірушілер ертерек келіп өртті ауыздықтап үлгерген.