Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"30 баланың көзінше ұрып өлтірген": Қызылорда облысында 15 жастағы жасөспірімнің өлімі тергеліп жатыр

Қызылорда облысының Кеңес ауылында ер адам 30 баланың көзінше 15 жастағы жасөспірімді ұрып өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: shutterstock.com

Жергілікті тұрғындар ауылда жастар арасында ерекше қылмыстылық “жүйе” орнатылғанын айтады. Барлығы не болып жатқанын білсе де, үнсіз қалған.

Марқұм 15 жастағы Абдулазиз өзінің Айбек есімді ауылдасының соққысынан кейін көз жұмған. “Президентке хат” телеграм арнасында марқұм жасөспірімнің ауылдастарымен болған сұхбат жарияланды. 

“Ұлымды Айбек есімді жігіт ұрған. Тек Айбек ұрған. 5 рет ұрған деп естідік. Одан кейін марқұм болған Абдулазиз деген баланы ұрған. Басқа ештеңе білмейміз”, – дейді үлкендерден таяқ жеген балалардың бірінің анасы. 


“Ұрғандардың бәрі мұғалімнің баласы”: Ақтөбеде көз жұмған жасөспірімнің әпкесі інісінің жоғары сынып оқушыларының қолынан қаза тапқанын айтты


Ал ауылдағы жасөспірімдер ауылда өзіндік “жүйе” бар екенін айтады. 

“Ол кезде “система” бар еді, қазір жоқ. Балаларды жинап, үлкенге сыйластық деген сияқты нәрселерді үйретеді. Үлкендер шақырғанда жүгіріп бару, отырғанда отырып, тұрғанданда бірге тұру. Қысқасы күшігі болуың керек. Аптасына екі рет сайға жинайды, ешқандай себепсіз де жинай береді”, – дейді жасөспірім. 

Жасөспірім 15 жастағы қатарласы көз жұмған оқиғаның қалай болғанын да айтып берген. 

“Біз кешкі сағат 20:30 шамасында сайға бардық. Айбек басқа баланы ұрып жатты, ал жанында Абдулазиз қарап тұрған, сол кезде “сен кино көріп тұрсың ба” деп Абдулазизді бір ұрды. Содан кейін көз жұмды. Түнгі 22:30-да біз қайтып кетті. Осы оқиғадан кейін ауылда “система” жоқ”, – дейді жасөспірім. 

Қызылорда облыстық полиция департаменті кісі өлтіру фактісі болғанын растады. Полицияның мәліметінше, оқиға 2024 жылдың 22 маусым күні болған.

"Аталған факті бойынша 2024 жылдың 22 маусымында Жаңақорған аудандық полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу нәтижелері бойынша жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстық іс сотқа жолданды ", – делінген полиция хабарламасында.

Полиция қылмыстық-процестік кодекстің талаптарына сәйкес, өзге мәліметтердің жарияланбайтынын атап өтті. 

Еске салсақ, бұған дейін Астанада алты қыз жабылып ұрған 14 жастағы қыз өзіне қол салмақ болғаны туралы жазған едік. 

Талқылау