Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

3 мың адам көз жұмды: Қазақстанда биылғы жылы 234 мың пневмониямен ауырған науқас тіркелді

Қазақстанда биылғы жылы 234 мың пневмониямен ауырған науқас тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Оның сөзінше былтырғы жылмен салыстырғанда елімізде пневмония үш есе өскенін айтты ол. 

"1 қаңтар мен 15 шілде аралығында елімізде 2341807 пневмония тіркелді. Былтырғы жылмен салыстырғанда пневмониямен ауырғандар саны үш есеге өскен. Ескере кеткім келеді, бұл сан пневмонияның барлық түріне қатысты. Оның ішінде бактериялық, вирустық пневмониялар бар. Алғашқы жарты жылда пневмониядан көз жұмғандар саны былтырғыдан айтарлықтай өзгерген жоқ. Алайда маусымның соңына өлім саны күрт өсті. 1 қаңтардан 15 шілде дейін елімізде 3327 адам пневмониядан көз жұмған. Сонымен қатар, қазіргі таңда пневмониямен ауырып жатқандар амбулаториялық және стационарлық деңгейде ем алып жатыр", - дейді Алексей Цой.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде пневмония мен коронавирус статистикасы біріктірілетін болды. 

Талқылау