Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

3 миллион доллар тұратын бразилиялық футболшы “Астана” клубына келді

Бразилиялық жартылай қорғаушы Педро Энрике «Астана» футбол клубының Дубайда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына келді.

Педро Энрике

Transfermarkt мәліметінше, Педро Энрикенің трансферлік құны 2,8 еуро (3,2 миллион долларды) құрайды. Бұл біздің валютаға шаққанда 1 млрд 210 млн теңгеден асады.

Бүгінде Педро Энрике жалға беру құқығында жұмыс істеп жатыр және оның «Астана» клубымен жасаған келісімшарты 2019 жылдың жазына дейін жалғасады, деп хабарлайды Sports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz.

Бразилиялық футболшы «Астана» командасында өткен маусымның жазынан бері ойнай бастаған. Осы уақыт ішінде ол 19 ойынға қатысып, 3 гол соқты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр