Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"3 гранатасы бар": Елімізде деструктивті діни ағымның жақтаушылары ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Алматы және тағы үш облыстан дәстүрлі емес діни ағымды жақтайтын 6 күдіктіні ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Ұлттық қауіпсіздік комитеті полицияның көмегімен Алматы қаласында, Қарағанды, Түркістан, Ұлытау облыстарында терроризмге қарсы іс-шаралар өткізді. Тексеру барысында деструктивті діни ағымды жақтайтын Қазақстанның 5 азаматы мен 1 шетелдікті қолға түсірді.

“Олар өшпенділік пен зорлық-зомбылық идеологиясын әлеуметтік желілер және басқа да жолдармен таратты деген күдікке ілінді. Сондай-ақ олардан заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді. Оның ішінде 3 ұрыс гранатасы бар. Күдіктілердің екеуі бұған дейін тонау және ұрлық үшін сотталған болып шықты”, – деп мәлімдеді Ұлттық қауіпсіздік комитеті.



Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Бұған дейін дінтанушы арбаушыларға қатысты жиі кездесетін қате түсініктерді айтқан еді.

Талқылау