AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2,8 гектарға ұлғаяды: Алматы әкімдігі "Южный" саябағындағы учаскені сот арқылы қайтармақ

Алматы әкімдігі тұрғындардың айтуымен "Южный" саябағындағы жер учаскесін сот арқылы мемлекетке қайтаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: vlast.kz

"19 сәуірде осы учаскені қайтарып алу туралы қаулы қабылданды, бірақ оның иесі өтемақы сомасымен келіспейді. Сондықтан әкімдік экономикалық сотқа мемлекеттің қажеттілігі үшін жер учаскесін мәжбүрлеп алу туралы талап-арыз берді. Оң шешім қабылданған жағдайда "Южный" саябағының аумағы 2,8 гектарға ұлғаяды", - деді қала басшысы.

Оның айтуынша, биыл 14 шілдесінде Алматы әкімдігінің Жароков–Левитан көшесіндегі 30 телім жер учаскесін алып қою туралы қаулысы қабылданды. Бұл аумақта 2023 жылдың қазан айына дейін аудан тұрғындарының бос уақыты мен демалысы үшін спорттық, балалар және workout-алаңдар орнатылады.

"Mountain Drive тұрғын үй кешенінің жекелеген жер учаскелерін қала балансына беру бойынша жер учаскесінің бір бөлігі коммуналдық меншікке өтті. Екінші бөлігі бойынша жобасы әзірленгенін хабарлағым келеді. Осыдан кейін Алматы әкімдігінің қаулысы қабылданады", – деді Ерболат Досаев.

Қазіргі уақытта ауданда 35 бау-бақша серіктестігі орналасқан. Бүгінде олардың жетеуін жеке тұрғын үй құрылысына ауыстыру туралы шешім қабылданған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр