"+27°С-қа дейін жылынады": Синоптиктер еліміз бойынша наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет еліміз бойынша наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады.Мамандардың айтуынша көктемнің алғашқы айы жылы әрі жауын-шашынды болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің консультативтік синоптикалық болжамына сәйкес ауа температурасы республиканың басым бөлігінде климаттық нормадан шамамен 1°С жоғары болады. Ал оңтүстік-шығыс бөлігінде (Жетісу облысы аумағының көп бөлігінде, Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысы облыстарының оңтүстік-шығыс бөлігінде, сондай-ақ Абай облысының ең оңтүстік-шығыс аймағында) нормаға жуық болады.
Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан көп. Ал:
- Ақтөбе;
- Ұлытау облыстарында;
- Маңғыстау;
- Қостанай;
- Ақмола;
- Қарағанды;
- Қызылорда облыстарының басым бөлігінде;
- Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарының шығысында;
- Түркістан және Жамбыл облыстарының солтүстігінде нормаға жуық болады деп болжанады.
“Ай бойы Қазақстан бойынша ауа райы құбылмалы сипатта болады. Жауын-шашын түседі, кей күндері нөсер жауын-шашын күтіледі. Елдің солтүстік жартысында негізінен қар түрінде, батыс және оңтүстік жартысында жаңбыр және жаңбыр аралас қар түрінде. Желдің күшеюі, боран, тұман және көктайғақ құбылыстары болжанады”, – делінген хабарламада.
Наурыз айының бірінші жартысында аязды күндер жылы ауа райына біртіндеп алмасады.
Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде наурыз – "қыстың жалғасы" болып саналады. Мұнда қысқа тән суық ауа райы, қар жаууы, боран, жиі көктайғақ пен тұман болжануда. Дегенмен кейбір күндері көктемнің лебі сезіледі. Бірінші онкүндікте түнгі температура -28-38°С-тан -5-10°С-қа дейін, күндіз -10-20°С-тан 0,-8°С-қа дейін біртіндеп жоғарылайды. Онкүндіктің соңында температура қайта төмендейді.
-
Қазақстанда 51 жылдық рекорд жаңарып, артынша –40 градус аяз соқты
-
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Батыс өңірлерде де наурыз айы құбылмалы, көктемге тән өзгермелі болады. Ай бойы суық пен жылы кезеңдер алмасып отырады. Бірінші онкүндікте түнде -5-15°С-тан 0,-5°С-қа дейін, күндіз 0,-8°С-тан -3+7°С-қа дейін ауытқиды.
Оңтүстік жартысында бірінші онкүндікте түнгі температура -8+2°С-қа дейін, күндіз +5+15°С-қа дейін біртіндеп жоғарылайды.
Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде -3+2°С-тан -8-15°С-қа дейін, кей жерлерде -20-25°С-қа дейін, күндіз +5+13°С-тан 0,-8°С-қа дейін ауытқу күтіледі. Оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде кей күндері күндіз +13+22°С-қа дейін, ал оңтүстіктің шалғай аймақтарында +27°С-қа дейін жылынады. Антициклон ықпалымен қысқа мерзімді суық толқындар байқалуы мүмкін.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған