Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"265 миллион доллар": Байлығы жағынан екінші орындағы үндістандық миллиардер шенеуніктеріне пара берді деп айыпталды

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі, үнділік Adani Group конгломератының басшысы Гаутам Адани АҚШ-та бірнеше миллиард доллар пара берді және алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Прокурорлардың айтуынша, миллиардерді қамауға алу туралы ордер дайын. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Reuters

Шетелдік БАҚ мәліметінше, Адани мен оның серіктері Үндістан үкіметіне пара беруге келіскен.

"Билік Адани мен тағы жеті айыпталушы, оның ішінде жиені Сагар Адани 20 жыл ішінде 2 миллиард доллар пайда әкелетін келісім-шарттарды жеңіп алу және Үндістандағы ең ірі күн энергиясы жобасын жүзеге асыру үшін Үндістан үкіметінің шенеуніктеріне шамамен 265 миллион доллар пара беруге келіскенін айтты", - делінген хабарламада. 

Тергеушілердің айтуынша, Aдани және Adani Green Energy компаниясының басшысы, бұрынғы бас директор Внит Джаайн өздерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерін несие берушілер мен инвесторлардан жасырған. Осылайша олар 3 миллиард доллардан астам несие мен облигация жинаған.

Forbes журналының мәліметінше, 62 жастағы Аданидің байлығы шамамен 69,8 миллиард доллар. Ол Америка Құрама Штаттарында ресми түрде қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған санаулы миллиардерлердің бірі.

Ол байлығының көлемі бойынша әлемде 22-орында. Ал Үндістанда 2-орын. 

Осы жылдың наурыз айында Adani Group қысқа мерзімді шабуылдан кейін алғаш рет долларлық облигациялар нарығына кірді. Adani Green Energy энергетикалық компаниясының және онымен байланысты кәсіпорындардың 18 жылдық облигацияларының шығарылымы шамамен 2,9 миллиард доллар сомаға өтінімдерді тартты. Бұл ұсынылған 409 миллион доллар көлемінен жеті есе жоғары. Bloomberg дереккөзінің хабарлауынша, эмитент бұл қаражатты желтоқсанда өтеу мерзімі 500 миллион долларлық вексельді өтеу үшін пайдаланады.

Талқылау