Тойға жиналған қонақтар даяшының туған күніне 250 мың теңге жинап берді
Фото: Видеодан скриншот
Танымал жайдарманшы, әзілкеш Нұрболхан Шарапов тойда қызмет еткен даяшыға тосынсый жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі Қарағанды қаласына той жүргізуге барған.
“Даяшының туған күні екен. Тойдағы 500 қонақ 250 мың теңге жинап және 1 қой берді. Қарағанды халқына мың алғыс! Джей Лоның видеосын таратқанша осындай жақсылыққа толы видеоны таратайық", – деп жазды әзілкеш.
Желі қолданушылары жылы пікір білдіріп, туған күн иесін құттықтап жатыр.
“Біздің тойды Нурболхан жүргізді. 300 адамды қозғалтпады. Ешкім шығып кеткен жоқ. Дәл осылай 5 даяшыға 10 000 теңге берді. Еден жуатын апаға 100 мың теңге сыйлады. Ол кісі сыртқа шыққан соң қатты жылады”, “Кең пейілді дархан қазағым! Сіңліме баянды да бақытты ұзақ ғұмыр тілеймін. Өмірің осындай бақытты сәттерден құралып, дархандықпен жалғаса берсін”, – деп жазды көпшілік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген