Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 25 жыл бұрын алып тасталған пайызсыз білім беру несиелері биыл қайтарылмақ

Депутат Асхат Аймағамбетов биылдан бастап Қазақстанда пайызсыз білім беру несиелері жүйесі қалпына келтірілетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay

Депутаттың айтуынша, бұл құрал заң жүзінде бекітілген. Қазір оны іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Бұған дейін, Аймағамбетов студенттер білім алу үшін пайызсыз несие алып, жұмысқа орналасқан соң қайтара алатынын айтқан еді. Алайда, 2000 жылдардың басында бұл мүмкіндік алып тасталған. 

"Студент кезімде курстастарымның біразы несие алды. Шарттары өте жақсы еді: жұмысқа орналасқан соң қайтара аласың әрі пайызсыз. Бірақ кейін бұл жүйе алынып тасталды", – деді депутат.



Ол Ғылым және жоғары білім министрлігіне білім беру несиелерін қайтаруды ұсынғанын айтты.

“Себебі мектеп бітірушілер саны өсіп, гранттар талапкерлер санына сәйкес келмейді. Біз студенттерге пайызсыз несие алу мүмкіндігін беруді ұсындық. Бұл азаматтардың міндеті, бірақ қолайлы жағдайлары бар. Жетінші шақырылымның депутаттары бұл бастаманы қолдап, норма заңға енгізілді", – деді Аймағамбетов.

Бұрынғы министр бұл саладағы жұмыстың тоқтап тұрғанын, себебі ведомство екі түрлі бөлінгенін баса айтты.

"Біздің әріптестер жұмыс істеп жатыр. Олар қабылданған норманы, бекітілген құралды іс жүзінде жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын іздестіріп жатыр. Менің білуімше, қазірдің өзінде тауып қойған. Бұл жылдам болады деп үміттенемін. Олар бізге биылдан бастап бере бастайды деп уәде берді", – деді Аймағамбетов.

Айта кетейік, бұған дейін Соңғы екі жылда білім беру саласында жемқорлықтан 17 миллиард теңге шығын келгені туралы жазған едік. 

Талқылау