24 қараша еліміздің көптеген аумағында қатты жел болады
24 қараша күні антициклонның ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста, солтүстік-батыста және оңтүстікте жауын-шашын жауады.
Республиканың кей жерлерінде тұман болып, жел көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы – 15-20 м/с-қа, екпіні 25 м/с-қа жетуі ықтимал. Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, түнде Павлодар, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Оқи отырыңыз:
Солтүстік Қазақстан тұрғындары Ресей мен Германияға көптеп көшіп кетуде
700-ден астам өзге ұлт өкілі Қазақстан азаматтығын алмақ
Алматыда букмекерлік кеңсе ұтыс ұтқан клиентіне 62 млн теңге төлейтін болды
Павлодарда мұғалім оқушының алтын бұйымдарын алдап алып қойған