23 жастағы польшалық бойжеткен "Әлем аруы" атанды
Польшалық ару Каролина Белявска "Әлем аруы" атанды. Бұл туралы жарыстың ресми сайтында хабарланды.
23 жастағы бойжеткен жетпісінші "Әлем аруы" атанды.
"Каролина қазір менеджмент мамандығы бойынша магистратурада оқиды және оқуын PhD докторантурада жалғастырғысы келеді. Каролина сонымен қатар модель болып жұмыс істейді. Ол жүзуді және аквалангпен жүзуді, сондай-ақ теннис пен бадминтон ойнағанды ұнатады. Бір күні ол мотивациялық спикер боламын деп үміттенеді", – делінген сайтта.
Бойжеткен волонтерлік қызметпен де айналысады. Әр демалыс сайын ол командасымен бірге Польшаның Лодзь қаласындағы мұқтаж жандарға азық-түлік пен қажетті заттарды жеткізіп береді.
"Әлем аруы" тәжін оған ямайкалық Тони-Эн Сингх тапсырды. Бірінші орынды америкалық Шри Сайни, екінші орынды Кот-д'Ивуардан келген Оливия Яс иеленді.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн