Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

23-баласы дүниеге келген Сары Әулие енді тоқал алмайтынын айтты

Күні кеше Марат қажы Есенбаевтың 23-баласы дүниеге келді. Есімін кіндік анасы Сұлтана деп қойған екен. Ал жұртты шулатқан “алтын әйел” дүкенде сатылатын қарапайым бұйым болып шықты. Сары Әулие бұдан кейін тоқал алмайтынын айтып жатыр. Ол бар ықыласы мен махаббатын төрт әйеліне арнамақ.

1421823666_3

Бұл туралы ол Stan.kz тілшісіне айтып берді.

– Бұрындары халық лық толған стадиондарда науқастарды емдейтінсіз. Мұндай жиындарды соңғы кезде байқамай жүрміз. Мұның себебі неде?

– Иә, мұныңыз рас. Мұндай шараны 3-4 жыл бұрын өткізген болатынмын. Соңғы кезде тек арнайы шақырумен ғана барып жүрмін. Мұндай ірі жиындардың халыққа кесапаты тиіп кетуі мүмкін. Қазір түрлі  лаңкестік оқиға болып, терроризм белең алып келеді. Халқымның арам ниеттілердің құрбаны болғанын қаламаймын. Қазір отбасыммен Алматы қаласында тұрып жатырмын.

– Адам емдеу немесе дәрістер оқу мақсатында шетелге шығып жүрсіз бе?

– Иә, ара-тұра шетелге шығатыным рас. Негізінен Қазақстанның 2-3 мың адам жиналатын ұжымдарына барып, емдік шараларын жасап жүрмін. Бірақ, бірінші кезекте ұйымдастырушылардан жиналғандардың қауіпсіздігі үшін кепілдік сұраймын. Мұндайда әдетте олар Үкімет тарапынан милиция шақырады. Мен айтып отырған ұжымдарға ЖОО-лар да кіреді. Ректорлар 500-1 000 студент жинап, мені дәріс оқуға шақырады.

– Қандай ауру түрлерін емдей аласыз? Ғылыми медицина сіз үшін қаншалықты құнды?

– Адам ағзасындағы инфекцияларды икемге келтіріп, емдей алмаймын. Сынық салмаймын. Ал қалған онкологиялық, құлақтың орта деңгейі және т.б. күрделі ауруларға күшім жетеді. Мұнымен қатар, психологиялық ауытқуы мен құмар ойындарға, зиянды әдеттерге тәуелділігі бар адамдарды емдеймін. Қазір менің емімді имамдар мен теріс ағымда жүргендер де мойындап жатыр. Сәлафиттер өздерінің ұл-қыздарына дейін алып келеді. Еуропа мен әлемнің өзге түкпіріндегі ең мықты дәрігерлер, академик, профессорлар – барлығы менің семинарларыма қатысады. Өйткені мен ғылыми медицина негізінде емдеймін. Халықаралық дәрежедегі емшілердің барлық курсына қатысып шықтым. Қолымда «Пайғамбар медицинасы» деген кітап бар.  Аталған кітапта қазіргі медицинаның күші жетпейтін ауруларды емдеу тәсілдері жазылған. Бедеулікті де емдей аламын. Аллахтың нығметімен әулетімде «бедеулік» диагнозы қойылса да, перзент сүйгендер көп.

sary5

– Біраз уақыт бұрын мектеп оқушысы сізге сезімін білдіріп, тұрмысқа шыққысы келетінін айтқан болатын. Ол қыздың жағдайы не болды?

– Мен ол қызды Фатихамды айтып қайтардым. Маған дәл осылай сезімін білдіретіндер өте көп. Мен тек бір хатты жария еткен едім. Қыз баласы ең бірінші кезекте инабатты болуы тиіс. Ал олардың маған деген сезімдерін – Аллахтың маған берген нығметі деп түсінемін. Жасым ұлғайса да, өзімді жақсы күтемін. Оның үстіне, өзім спортшымын. Аллах маған тартымдылықты да тарту еткен.

– Төрт әйеліңіздің бар екенін білеміз. Шөбере сүйіп үлгерген шығарсыз? Тағы да бір тоқал алу ойыңызда бар ма?

– Жоқ, мен әлі шөбере сүйетін жасқа келмедім. 11 ұл, 11 қызым бар. Кеше 23-іншісі дүниеге келді. Бұл 23 ұрпағыма жезөкшелікке байланысты қайтарып жіберген екі қызым кірмейді. Ол екеуі үй үшін таласқан болатын. Аллахтың ақ жолынан тайғандықтан, оларды қызым деп есептемеймін. Ал қалған балаларымның барлығын шежіреме кіргізіп жатырмын. Осымен доғардым. Үйлену жоспарымда жоқ. Жас қыздар мен келіншектердің маған ғашық болатыны сөзсіз. Десе де, бұл олардың өздерінің жолы.

– Соңғы кезде жұрт дабсмеш видеоларыңызға ерекше қызығушылық білдіріп жүр. Оны түсіру туралы идея кімге тиесілі? Монтаж жұмыстарын кім жасайды?

– Әйелімнің телефонында арнайы қызмет бар екен. Сол қызмет арқылы видеоны оңай жасап алуға болады. Идея да, монтаж жұмыстары да әйеліме тиесілі. Ол осылай маған деген сезімін білдіргісі келген сияқты. Кейін өзі компьютерге енгізіп, ары қарай таратады.

sary2

– Маман ретінде Қазақстанда қай емші-дәрігерлерді мойындайсыз?

– Мен ғылыми медицинаны жақсы көремін. Ол жалпы 97-98℅ ауруды емдей алады. Халыққа, ең алдымен, дәрігерлерге баруға кеңес беремін. Олар дәрменсіз болған жағдайда ғана емшілерге барсын. Шүкір, жақсы сынықшыларымыз, дем салып, сүннет жолымен емдейтін емшілеріміз бар. Солардың бері – Серік Үмбеталиев. Бұрын тіс дәрігері болған. Адамдарға мен қайтыс болып кеткен жағдайда, Серіктің менің орнымды басуға лайық екенін айтып отырамын.

Марат Қажы Есенбаев қызын перзентханадан шығаруға бара жатқан кезде, Төле би – Сефуллин көшелері 10 минутқа жабылған. Бұған кептеліс себеп болған екен. Ол ең жас тоқалын перзентханадан салтанатпен күтіп алды.


Тоқтар: Қыздарға қараймын, бірақ Бейбіт тоқал алуға рұқсат бермейді

Талқылау