Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сары әулие жас әйелімен дабсмеш видео түсіріп, жұртты күлдірді (фото, видео)

Ел арасында “Сары әулие” атанып кеткен Марат қажы  Есенбаев жас келіншегімен дабсмеш видеосын түсіріп, жұртты күлкіге қарық қылды.

аулие1

Бұл туралы Stan.kz сайты жазды.

Марат қажы Есенбаев екі жылдай уақыт бұрын 18 жасқа толған Гүлияр есімді аруға үйленген еді. Бүгінде бұл жұпты көпшілік желі арқылы жақсы таниды. Әрі, әдеттегідей Марат қажының  жеке өмірін қызықтағанды жақсы көретіндердің қатары көп.

аулие2

Адамдарды мұсылмандық жолмен, қасиетті шөптермен емдеймін дейтін Марат қажы келіншегінен 34 жас үлкен. Оның желідегі жас әйелімен түсірген әзіл видеоларын тамашалайтындар көп. Әрі жастарша көңіл-көтере білетін Марат қажыны мақтайтындар да баршылық.

марат.jpg1

Марат қажы ел арасында “Сары әулие” атымен 90-шы жылдары кеңінен танылған еді. Ол Қазақстанның әр аймағына, емдік сеансын өткізуге келген кезде үлкен стадиондардың өзіне халық сыймай қалатын.  Жұрт сол кезде-ақ Марат қажыға “Сары әулие” деген есімді өздері қойған екен.

 


Суреттер мен видеолар Марат қажы Есенбаевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Оқи отырыңыз:

Емші бала Ербосын туған ауылын асырап отыр

Талқылау