Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"221 мың теңгеден беріледі": Қазақстанда балаларға арналған жинақтау жүйесі мақұлданды

Сенат депутаттары Қазақстанда 5 жастан асқан балаларды қамтитын "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу туралы заңды мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: iStock.com

Сенат депуаттары екінші оқылымда ақпарат, әлеуметтік даму, мәдениет және мұрағат ісі салаларындағы қажетсіз заңнамалық реттеуді алып тастайтын мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты түзетулерді мақұлдады.

Атап айтқанда, Қазақстанда балаларға арналған бастапқы капиталды жинақтауды, мемлекеттік сыйақыларды және депозиттерге кепілдік беру, мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ететін "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі құрылады.


Мемлекет жинақтағы ақшаны қайтарып алады: "Келешек" бағдарламасы бойынша ата-аналар шотты толықтырмаған жағдайда не болады?


Жаңартылған бағдарламаның негізгі артықшылықтарының қатарында жүйенің салымшысына мемлекет есебінен 60 АЕК (2024 жылы 221 520 теңге) көлемінде бастапқы білім беру капиталы аударылады. Жетім балалар үшін бұл сома 120 АЕК (2024 жылы 443 040 теңге).

Мемлекеттік сыйақы жылына 5 пайыз, әлеуметтік осал отбасындағы балалар үшін 7 пайызды құрайды.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов "Келешек" бағдарламасының ережелері 2025 жылдың басынан бастап күшіне енетінін мәлімдеді. 

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтардың "Келешек" жүйесі арқылы балаларының оқуына қаржы жинай алатыны туралы жазған едік.

Талқылау