22.02.2022: Ерекше күнде қанша қазақстандық жұп неке қидырды
Бүгін, 22 ақпан күні eGov электрондық үкімет порталына ақпанның неке тіркеуге 800-ге жуық өтінім келіп түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ұлттық ақпарат технологиялары" АҚ хабарлағандай, қазақстандықтар арасында ерекше датаға қатысты дүрлікпе әлі де байқалады. Мәселен, 1 ақпанда неке тіркеуге небәрі 14 өтініш түскен.
"Әдемі" даталар әрдайым жас жұбайлар арасында сұранысқа ие. Мысалы, 2022 жылдың 1 ақпанында egov.kz порталы арқылы барлығы 14 өтінім түсті. Ал бүгін 779 өтінім жіберді", - деп атап өтті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ PR басқармасының бастығы Әсем Исабекова.
2021 жылы eGov арқылы барлығы 198 567 өтінім түскен. Ал жыл басынан бері - 23 394 өтінім.
Мистикалық күн симметриялы орналасқан сандарға байланысты мүмкіндіктер кезеңі деп аталады. Күн оңнан солға және солдан оңға қарай бірдей оқылады.
Ал Алматы қалалық Әділет департаментінің баспасөз қызметі мегополисте 266 жұп отбасын құрғанын мәлімдеді.
"Алматы қаласында орналасқан сегіз АХАЖ бөлімі жас жұбайларға толы. Бүгін 266 жұп неке қидырады. Бұл қарапайым күндермен салыстырғанда 2,5 есе көп. Бізде күніне 20-дан 100- ге дейін тіркейтін. Жас жұбайлар осындай ерекше үйлескен сандары бар күнді таңдайды. Көп адам 22.02.2022 күннің таңғажайып екеніне сенімді. Сондықтан ерекше назар аударады",- деп атап өтті департаменттен.
20.02.2022 және 22.02.2022: Нумеролог жылдың ерекше күндерінен не күтуге болатынын айтты
Әділет департаменті бөлімінің мәліметінше, бүгін неке қидыруға 242 адам өтініш берген. 11:00-дегі жағдай бойынша 91 жұп некесін қидырып үлгеріпті.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
