Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

22 жастағы павлодарлық келіншек күйеуімен болған кикілжіңнен кейін терезеден секіріп кеткен

Павлодар қаласының 22 жастағы тұрғыны күйеуімен жанжалдасып қалғаннан кейін терезеден секіріп кеткен. Қазір өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасының себеп-салдарын павлодарлық полицейлер анықтап жатыр.

Бұл туралы Павлодар облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Суицид оқиға ағымдағы жылдың 22 наурызында түнгі сағат екі жарым шамасында болған. Қаратаев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде ішімдікке мас болған 22 жастағы келіншек күйеуімен сөзге келіп қалған. Мас болған әйел отбасылық кикілжіңнен кейін өзін-өзі өлтіру мақсатында екінші қабаттан секіріп кеткен»,-деп хабарлады Павлодар облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.

Өзін-өзі өлтірмекші болып терезеден секіріп жарақаттанған келіншекті жедел жәрдем қызметі ауруханаға жеткізген. Бүгінгі таңда тәртіп сақшылары осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Оралда ер адамның басына мұз құлап, есін жимастан қаза тапты

Қызылорда облысында 26 жастағы жігіт ұйықтап жатқан анасын балғамен ұрып өлтірді

ОҚО-да студенттер мектеп ауласында алаңсыз тұрған оқушыларды пышақтап кетті

ОҚО-да жеті жасар қыз жоғалып кетті

Талқылау