Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда ер адамның басына мұз құлап, есін жимастан қаза тапты

Оралда ғимрат жанынан өтіп бара жатқан ер адамның үстіне мұз құлап, қайтыс болды. Оның бас миы жарақаттанып, мойын омыртқасы сынған. Апат болған жерге дабыл лентасы қойылды.


Бұл туралы Мой город хабарлады.

Оқиға 28 наурызда Достық даңғылы, “Изюминка” дүкенінің жанында болған.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасына сағат 11:58-де шұғыл хабар келген.

“Жедел жәрдем жеткенде ер адам ес-түссіз жатқан. Оқыс оқиғадан зардап шеккен науқасты құтқара алмадық. Оған бас миының жарақаты және мойын омыртқасының сынуы диагнозы қойылды“, -деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қанат Төсекбаев.

Айта кетейік, бүгін Оралда күні бойы жаңбыр жауды. Апат болған жерге дабыл лентасы қойылды.

Тағы оқыңыз:

Қызылорда облысында 26 жастағы жігіт ұйықтап жатқан анасын балғамен ұрып өлтірді

ОҚО-да студенттер мектеп ауласында алаңсыз тұрған оқушыларды пышақтап кетті

ОҚО-да жеті жасар қыз жоғалып кетті

Алматыда метро құрылысы жүріп жатқан алаңда адамдар тұрып жатқан үйдің бір бөлігі опырылып құлады

 

Талқылау