Қызылорда облысында 26 жастағы жігіт ұйықтап жатқан анасын балғамен ұрып өлтірді

Қызылорда облысының тұрғыны ұйықтап жатқан анасының басын бірнеше рет балғамен ұрып, өлтіріп қойды.

Өткен жылдың желтоқсанында 26 жастағы жігіт туысымен бірге ішімдік ішкен. Бөтелкелесі кеткеннен кейін ішімдікке сылқия тойып алған жігіт көршiмен ішудi жалғастырады. Ал оның анасы тым кеш болып кеткен соң ұлының серіктесіне кетуді өтінген. Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Кейінірек, мас болған екінші топтағы мүгедек жігіт анасын көмірді ұнтақтауға арналған балғамен ұрған. Ал қатты жарақат алған әйел сол жерде қайтыс болып кеткен.

Туған анасын өлтірген жігіт Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 3-бөлімі бойынша «адам өлтіру» 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын ең жоғары деңгейдегі қылмыстық-атқару жүйесі институтында өтейтін болады.

Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот үкімнің заңды күшіне енбегенін айтты.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да студенттер мектеп ауласында алаңсыз тұрған оқушыларды пышақтап кетті

ОҚО-да жеті жасар қыз жоғалып кетті

Алматыда метро құрылысы жүріп жатқан алаңда адамдар тұрып жатқан үйдің бір бөлігі опырылып құлады

Қызылордада тал түсте атыс болды: Бір адам ауыр халде жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар