Қызылордада тал түсте атыс болды: Бір адам ауыр халде жатыр

Қызылордада қолына қару алып, тал түсте оқ атқан жігіт ұсталды. Әйтеке би көшесінің бойында елді дүрліктірген оқиғаны жүргіншілер бейне жазбаға түсіріп алған екен, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Бейне жазбада көрінгедей, қашып келе жатқан жігіт сөмкесінен қаруға ұқсас зат шығарып, өзін қуған топтың артынан жүгіреді. Іле-шала гүрс еткен мылтықтың дауысы естілген.  Ал, үрейі ұшқан жүргіншілер жан жаққа тым-тырақай қаша жөнеледі. Аз уақыттан соң полицейлер жерде жатқан белгісіз адамды көтеріп алып кеткен.

Қазір бұзақылық дерегі бойынша іс қозғалып, қолға түскен сезіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Бүгін Қызылорда қаласында болған атыста оқ жарақатын алған азаматқа облыстық Медицина орталығында ота жасалуда. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық Медицина орталығы директорының міндетін атқарушы Қанат Жүндабеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарақат алған азамат орталықтың жансақтау бөліміне жатқызылған. «Науқас облыстық медицина орталығына ауыр жағдайда жеткізілді. Дереу қабылдау бөлімінен жансақтау бөліміне ауыстырылды. Сол мезетте оған «іш қуысына терең оқ тиген, ішкі ағзалары зақымдалған» деген диагноз қойылды. Дәл қазіргі кезде науқасқа ота жасалып жатыр. Оның жағдайы кейін белгілі болады«», – деді ОМО директорының міндетін атқарушы Қанат Жүндабеков.

Сондай-ақ, облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Анарбаевтың айтуынша, тапа-тал түстегі атыс оқиғасына 7-8 адам қатысқан. «Қалалық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне Әйтеке би және Желтоқсан көшелерінің қиылысында бұзақылық болғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетіп, 7-8 адамнан құралған топтың бұзақы әрекеті анықталды. Нәтижесінде қаланың 1 тұрғыны оқ жарақатымен облыстық медициналық орталыққа (ОМО) жеткізілді. Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 259-бабы, 3-бөлігі, бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда күдіктілер, бұзақылық әрекеттің мүшелері қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілді, тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты мәліметтер жария етілмейді», – деді Анарбаев.

Тағы да оқыңыз:

Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі: Біз Димашты зерттеп жатырмыз

Кемерово облысының вице-губернаторы халықтан тізерлеп тұрып кешірім сұрады (видео)

Ақмола облысында ауыл әкімі кісі өлтірді деген күдікке ілінді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар