Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында ауыл әкімі кісі өлтірді деген күдікке ілінді

Ақмола облысында тағы да ауыл әкімінің басы бәлеге қалды. Бұл жолы Есіл ауданындағы Курск ауылдық аймағының әкімі Владимир Рогозныйдың кісі өліміне қатысты аты аталып жатыр. Осыған орай, Ақмола облыстық Тәртіптік кеңесінде тағы да жедел жиын өткізуге тура келді, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Ақмола облысында тағы да ауыл әкімінің басы бәлеге қалды. Бұл жолы Есіл ауданындағы Курск ауылдық аймағының әкімі Владимир Рогозныйдың кісі өліміне қатысты аты аталып жатыр. Осыған орай, Ақмола облыстық Тәртіптік кеңесінде тағы да жедел жиын өткізуге тура келді.

Яғни, Владимир Рогозный ауылдасы Баржақсы Жәмішев есімді азаматты 2-де шырт ұйқысынан оятып, машинасына мінгізіп алып кеткен. Араларында қандай кикілжің болғаны белгісіз, кейін Жәмішев көліктен секіріп кетіпті. 47 жастағы әлгі азамат ес-түссіз күйінде ауруханадан бір-ақ шыққан. 6 күн комада жатқан ол тура наурыздың 22-сіне қайтыс болды. Курскідегі әкімдік қызметін 1 жыл ғана атқарған Рогозный сол түні өзінің жеке автокөлігімен жүріпті.

Бір айта кетерлік жайт, ол бұған дейін мас күйінде машина тізгіндегені үшін жүргізушілік құқығынан айрылған-ды. Соған қарамастан қызметін жалғастырған ол осы жолы да удай мас болыпты. Қазір оған қатысты ішіп алып көлік айдау және біреуді өзіне-өзі өлтіруге итермелеу баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Тәртіптік кеңес мүшелері әкімді қызметінен кетіру туралы ұсынысты қолдады. Осы Ақмола облысында бұған дейін де Қорғалжын ауылдық аймағының әкімі Жанат Омаровтың 14 жастағы оқушыны ұрғаны үшін қызметінен кеткенін айта кетейік.

“Бұл кадрларды басқару жүйесінің осалдығынан. Әкім деген ауылдағы маңызды тұлға емес пе? Аудан басшысы тарапынан да, депутаттар тарапынан да жіберілген қателік. Бұған дейін де заң бұзса, ол неге әлі әкім болып істеп жүр?”, – дейді Мемлекеттік басқару академиясы Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Әлібек Баймағамбетов.

Тағы да оқыңыз:

Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі: Біз Димашты зерттеп жатырмыз

Кемерово облысының вице-губернаторы халықтан тізерлеп тұрып кешірім сұрады (видео)

Шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ журналисі: Құдайдан сұрап алған махаббатым, сен аман жүрші

Талқылау