ОҚО-да жеті жасар қыз жоғалып кетті

ОҚО, Сарыағаш ауданында жеті жасар қыз жоғалып кетті. Қызды іздеуге ІІД қызметкерлері мен сүңгуірлер жұмылдырылды. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

26 наурызда сағат 13:00- 14:00 арасында бірінші сынып оқушысы Инабат Мұхтарқожаны туыстары таппай қалған. Ол Ақниет ауылындағы нағашыларына қыдырып барған.

«Өзіміз Арыс ауданына қарасты Қожатоғай ауылында тұрамыз. Қызымыз нағашыларына қыдырып барған еді. Сол күні есіктің алдына ойнап жүрген екен. Жарты сағаттың арасында жоқ болып кеткен. Қазір бәріміз осында келіп, іздеп жатырмыз. Қандай да бір болжам да жасай алмай отырмыз. Еш хабар жоқ. Ақыл есі жақсы. 2010 жылы туған, бірінші сыныпта оқиды», — дейді анасы.

Туыстары баланың жоғалғаны туралы тәртіп сақшыларына да хабарлаған. Іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Қызды іздеуге сүңгуірлерде жұмылдырылған.

7 жасар қыз жоғалған Ақниет ауылы маңынан Таскен каналы өтеді. Туыстары жоғалған жеткіншектің сол каналға түсіп кетуі мүмкіндігін айтқан.

«Бізге қыздың жоғалғаны туралы хабар кеше түнде жетті. Оқиға орнына бүгін таңертең сағат 6.40-тан бастап Шардара жедел құтқару бекетінен 6 құтқарушы жетіп, іздестіру шараларын жүргізуде. Оларға 1 техника мен 1 қайық берілді»,- дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы Зарипа Тұрысбекова.

Қазір оқиға орнына Сарыағаш аудандық ішкі істер қызметкерлері де жұмылдырылған.

Тағы оқыңыз:

Алматыда адамдар тұрып жатқан тұрғын үйдің ауласы тұтас опырылып құлады

Тұңғыш Паралимпиада чемпионына үш бөлмелі пәтер мен автокөлік кілті тапсырылды

Астанада балабақша бүлдіршіндерінің нәжістен инфекция жұқтырғаны белгілі болды

Әдейі өртеген: Кемероводағы өрте байланысты ұсталғандар сотта жауап берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар