Әдейі өртеген: Кемероводағы өрте байланысты ұсталғандар сотта жауап берді

Кемероводағы өртенген сауда орлығының басшылары журналистерге оқыс оқиғаның мүлікті өртеу себебінен шығуы мүмкін екенін, ал дабылды дыбысты әлдекімнің 15 минут бұрын өшіргенін айтады.

Орталық басшысы Надежда Судденок, техникалық директоры Георгий Соболева мен өрт дабылды дыбыс қызметін көрсетуші компания директоры Игорь Полозиненко, осы компания өкілі Александр Никитина сот алдында жауап берді, деп жазады bbc.com.

Сот 72 сағатқа созылды. Тергеу комитеті мәйітханаға 57 адамның мүрдесі жеткізілгенін, туыстары тарапынан 67 адамға іздеу түскенін мәлімдеді.

Сауда орталығының басшысы өртке жасөспірімдердің қатысы болуы мүмкін екенін айтып өтті.

«Олар әр түрлі жаста. 7-8 адам болып жүрді. Бұған дейін де талай бұзақылып жасап, полиция шақыртып, протокол толтырғанбыз», – дейді Судденок.

Судденоктың әріптесі мүлікке зиян келтіру үшін әдейі өртенген болуы мүмкін екенін айтты. Айтуынша, кинозалдың есігі әдейі жабылмаған.

«Есікті жауып тастады деп айыптап жатыр. Бірақ олар магнит есіктер. Автоматты түрде жабылуы тиіс есіктер дұрыс жұмыс істемей қалған шығар», – дейді ол.

Әсіресе, кинозалда қалған балалар ата-аналарына хабарласып, хат жазып көптен көмек сұрады.

“Системный интегратор” компаниясының басшысы Игорь Полозиненко дабылдың өрт болардан 15 минут бұрын өшірілгенін айтты.

«Мұны кім және не үшін жасағанын білмеймін», – деді ол.

Айтуынша, дабыл жүйесін 20 наурыз күні, оқиға болардан 5 күн бұрын тексерген. Компания сауда орталығына дабылды жүйе орнатумен айналысады.

Тергеушілердің айтуы бойынша дабылды ұсталғандар ішіндегі «Қорғау орталығы» жеке меншік күзет ұйымының қызметкері Сергей Антюшин өшірген.

Ал, Антюшин дабылдың үнемі себепсіз ойнағанынан басшылықтың мезі болғанын, сол себепті дабылды өшіріп тастағанын айтады.

Тағы да оқыңыз:

Сәкен Майғазиев Кемеровода қайтыс болғандар жайлы жазып елді жылатты

Ақтаулықтар Кемеровода қаза тапқандардың тағзым етіп, құран бағыштады

Кемерово облысының вице-губернаторы халықтан тізерлеп тұрып кешірім сұрады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар