Астанада балабақша бүлдіршіндерінің нәжістен инфекция жұқтырғаны белгілі болды

Астанадағы аты шулы № 36 балабақша бүлдіршіндерінің инфекцияны нәжістен жұқтырғаны белгілі болды.

Бұл туралы Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті хабарлап отыр. Мамандардың хабарлауынша, мекемеде жеке бастың тазалығы сақталмағандықтан, қарым-қатынас арқылы инфекция таралып кеткен, деп хабарлайды Астана арнасы.

Сондай-ақ, ақ халаттылар, елорданың 15 мектепке дейінгі ұйымын тексерістен өткізген. Бұл балабалақшалардан да осыған ұқсас кемшіліктер анықталғаны белгілі болды. Әзірге инфекцияға шалдыққандар тіркелмеген. Мамандар қазір алдын алу шараларына кірісіп кеткенін айтып отыр.

“Фекальный-оральный дейді енді. Негізінде су арқылы тамақ арқылы және контакті арқылы таралатын ауру түріне жатады. Осы жағдайда негізінде балабақшада ауыз су арқылы және тамақ арқылы деп таралды деп айтпаймыз. Бұл негізінде контакт, қатынас арқылы таралған аурушаңдыққа жатады”, – дейді Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Насима Жүнісова.

Бұған дейін №36 балабақшада 18 адамның инфекция жұқтырғаны анықталды. Бұл оқиғадан соң мекеменің меңгерушісі мен медбикесі қызметтерінен босатылды.

Тағы да оқыңыз:

Әдейі өртеген: Кемероводағы өрте байланысты ұсталғандар сотта жауап берді

Ақтаулықтар Кемеровода қаза тапқандардың тағзым етіп, құран бағыштады

Сәкен Майғазиев Кемеровода қайтыс болғандар жайлы жазып елді жылатты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
23.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар