Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

22 сәуір мен 7 мамыр аралығында әуе кеңістігінің жабылуы Алматыға да әсер етпек

Алматы әуежайы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында жоспарланған рейстер кестесіне өзгеріс енгізілетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Марины Лысцевой / ТАСС

Себебі 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында елордада өтетін әскери парадқа дайындық жүріп жатыр. Осыған байланысты Астана аспаны жартылай жабылады. Бұл ел ішіндегі рейстерге де әсер етеді. Әзірге нақты қанша рейс ауыстырылатыны белгісіз.

Жолаушылар жай-күйін ақпараттық қызметтер арқылы алдын ала тексеруге тиіс. Ал әуе компаниясы кестедегі кез келген өзгерістер туралы хабарлауы керек.



Шектеулер шамамен екі апта бойы таңғы 10.00-ден 13.00-ге дейін болады. Бір апта ішінде елімізде 650-ден астам ішкі рейстер орындалмақ. Олардың басым бөлігі Алматы-Астана бағытында.

“Астана қаласында әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларын орындау үшін әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі. Көлік министрлігі авиакомпаниялар мен әуежайлардың ақпарат қызметтерінен рейстердің уақытын алдын ала тексеруді ұсынады”, – деді Көлік министрлігінің ресми өкілі Ләззат Стамғазиева. 

Айта кетейік, бұған дейін Астанада 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында әуе кеңістігі жабылатыны туралы айтылған еді.

Талқылау