Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

21 жастағы ару ақшасын алып, жүкті қылып тастап кеткен жігітін іздеп жүр

Қазақстандық бойжеткен жүкті қылып тастап кеткен жігіті туралы айтып берді. Мұнымен қатар, болашақ қайын жұрты одан 170 мың теңге көлемінде ақша алған екен. Бойжеткен басынан өткен оқиғасын баяндап, мамандардан көмек сұрады. Ішінде төрт айлық баласы бар ол «Аналар үйін» паналап жүр.

амкв

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

«Қазір Астанада «Аналар үйінде» тұрамын. Отбасымызда үш ағайындымыз. Әке-шешемнің көзі тірі. 2016 жылдың тамыз айында Полатов Мэлс есімді жігітпен автобуста таныстым. Астанаға келіп, бала күтушісі болып жұмысқа орналастым. 5-6 аптадан кейін әлгі жігіт маған хабарласты. Жігітім болғысы келетінін айтты. Араға 15 күн салып тағы да хабарласты. Қыркүйектің 15-і күні тойымыздың болатынын сөз етті. Бірақ, қыркүйектің 12-сі күні ол мені ауылға шығарып салды. «Мен сені жақсы көріп қалдым. Сен үшін өмірімді қиюға дайынмын. Саған үйленемін» деп жиі айтып жүрді.

Жақында ата-анасын тәтті шайға жіберетінін айтты. Яғни екеуіміздің ата-анамызды таныстырмақ болды. Ал мен Алматы қаласындағы жұмыс орныма қайтып оралдым. Ол менен екеуіміздің суретіміз салынған футболка жасауымды сұрады. Мұнымен қатар, автобус арқылы 10 мың теңге салып жіберуімді өтінді. Ертесінде ол жібергенімді күтіп алды. Мен телефонымды алмаған күні «Сен мені жақсы көрмейсің. Астанаға келетін бол» деп тиісе бастады. Айтқанын тыңдап, Астанаға келдім. Сол кезде қалтамда соңғы 5 000 теңгем бар еді. Астанаға келген соң, менің баратын жерім болмады. Осылайша, ол мені әпкесінің үйіне алып барды. Осы уақытқа дейін ол өзін жұмыс берушілердің ұрып кеткенін айтқан болатын. Расымен де, мені күтіп аларда ақсаңдап келді. Бірақ, әпкесінің жігітімен ертесінде жүк тасушы болып жұмысқа шығып кетті.

Ертесінде үстіндегі жарасын көріп, не болғанын сұрадым. Ол әлгі жұмыс берушілердің арқасынан таяқпен ұрғанын айтты. Бірақ, әпкесі «Мен тырнап алғанмын. Ешкім оны ұрған жоқ» деді. Бір аптадан кейін Coca-Cola компаниясына жұмысқа кірдім. Сол жерде бір жарым ай бойы жұмыс істедім. Арасында ауырып бармай қалған күндерім болды. Жігітім Шымкент пен Астана арасында автобус айдауға кетті. Әпкесімен ұрысып қалған күні үйден кететінімді айттым. Ол маған «Сен қыздығыңнан айырылып қойдың. Қайда барасың? Кімге үйленесің?» деді. Осы сөздерден кейін кете алмадым. Қараша айында айлығымды алып, ауылға қайтатын болдым. Айлығымды алуға Меліс екеуіміз бірге барып, артынша вокзалдан билет алдық. Ол менен 10 мың теңге сұрап алды да, кетіп қалды. Үйге кешірек келетінін айтты. Әпкесі менен кетерде пәтердің ақшасын талап етті. «Сіздерге 15 теңге бере тұрайын. Басқа артық ақшам жоқ. Үйге қайтып барамын. Келген соң қайтарамын» дедім. Әпкесі қалай да 25 мың теңге тауып беруімді талап етті. Өзім небәрі 40 мың теңге алған  болатынмын. Ақшаны түгелдей беріп, бос қалтамен үйге қайттым. Ал аяғымның ауыр екенін қаңтар айында білдім. Жігітім мен ауылға кеткен соң хабарласпай кетті.

Бір күні оны ауылына іздеп бардым. Анасы есіктің алдында жүр екен. Үйіне кіріп, Мелісті күттім. Ол сағат бір шамасында келді. Менен екеуіміз төсектес болған кезде, Мэлс мас болған деп айтуымды сұрады. Мен ата-анасына тура солай айттым. Меліс мені үш апта бұрын тастап кетті. Ол уақытқа дейін баласын мойындап, бірге болатынын айтқан еді. Ал өз анам толықтай шындықты біледі. Оған барлығын ашып айтып отырамын. Мелістің анасына да бар шындықты айттым. Дәрігер берген қағазды көрсеттім. Әпкесі мен анасы шашымнан жұлып сүйреп, қағазды жыртып бетіме лақтырды», – дейді Қарлығаш ханым.

Ал заңгер бұл істің ақ-қарасын дәлелдеу қиын екенін айтып жатыр. Себебі, Қарлығаш ханым барлығына өз еркімен келісіп отырған. «Бұл кісі барлық іске ерікті түрде барып отыр. Яғни жеке азаматтық қатынаста бұл кісіні алдап отыр. Қиын болса да, шындықты делелдей алады. Көп адам осылайша өзінің жігітіне, туған-туысқандарына алданады. Оның үстіне ол кісі сізді зорлаған жоқ. Бірақ, бала туған соң алимент алып отыруға болады», – дейді заңгер Айнұр Махметова.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Келіншек екі жыл төсектес болған қайын інісін қатты сағынып жүргенін айтты

Келін екі рет тұрмыста болып, жүктілігін жасырған абысыны туралы айтты

Бойжеткен шақырусыз келетін қонақтан мезі болғанын айтып жылады

Түсік тастаған әйел: Дәрігерлердің баламды пакетке салып бергені жаныма батты

Талқылау