Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2034 жылы әлем чемпионаты Қазақстанда өте ме? – Министр жауап берді

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов 2034 жылы әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Үкімет отырысында журналистердің сауалдарына жауап берген министр бұл мәселе күн тәртібінде жоқ екенін айтты.

"Объективті болайық. Бұл мәселемен жүйелі түрде айналысу керек. Ресми деректер бойынша, Катарда өткен соңғы әлем чемпионатына 200 миллиард доллар жұмсалған. Менің жеке пікірім, тек футболға ғана емес жастар спортын көтеруге және дамытуға баса назар аудару керек", – деді Оралов.

Оның айтуынша, министрліктің алдында басқа да міндеттер тұр.

"Спорттық ғимараттарды, қажетті құрал-жабдықтарды түгендеуіміз керек. Бүгінде Қазақстанда 43 мыңнан астам спорт алаңы бар. Енді осы мәліметтерді қайта қарап, іс жүзінде бар ма, жоқ па, тексеруіміз керек. Қаншалықты заманауи, олар бірінші кезекте адам денсаулығына зиян тигізбейтіндей қарапайым стандарттарға сәйкес келе ме? Қарауымыз керек. Біз балалар мен жасөспірімдер спортын, бұқаралық спортты қолдауға баса назар аударамыз. Балалар дене шынықтырумен айналысу керек", – деді Оралов.

Талқылау