2023 жылы Қазақстан саясатында қандай маңызды өзгерістер болды - Саясаттанушылармен сұхбат
Өтіп бара жатқан 2023 жылы Қазақстанның саясатында, экономикасы һәм әлеуметінде көп өзгерістер мен оқиғалар болды. Елімізде парламент, аудан және қала әкімдерінің сайлауы өтіп, бірнеше жаңа министрліктер де пайда болды. Stan.kz ақпарат агенттігіне пікір білдірген саясаттанушылар мемлекеттің саяси аренасындағы басты оқиғаларға тоқталды.
Саяси аренадағы басты өзгерістер
2023 жылы Қазақстанда екі маңызды сайлау өтті: оның бірі – қаңтардағы сенат сайлауы, ал екіншісі – наурызда өткен мәжілістің кезектен тыс сайлауы. Бұл саяси өзгерістерді мерзімінен бұрын өткізу туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы халыққа жолдауында айтқан.
Қаңтарда парламенттің жоғарғы палатасы құрылғаннан кейін бірден мәжіліс таратылып, 19 наурызда кезектен тыс сайлау өтті. Саясаттанушылар мұның мемлекеттік институттарды қайта іске қосудың соңғы кезеңі болғанын айтады. Қазір парламенттің төменгі палатасының құрамында 6 партия бар, бұл бұрынғы шақырылыммен салыстырғанда 2 есе көп.
Сайлаудан кейін үкімет құрамы жасақталды. Мәжіліс палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен Әлихан Смайыловты премьер-министр қызметіне қайта тағайындалды. Осы ретте премьер-министрдің орынбасарларының барлығы дерлік үкіметтегі өз қызметтерін сақтап қалғанын айта кетейік. Бірақ қыркүйекте, жаңа саяси маусымның басында Тоқаев үкімет басшылығын жаңартты. Қайта ұйымдастыру арқылы жаңа министрліктер құрылды:
- Су ресурстары және ирригация министрлігі;
- өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;
- Көлік; Мәдениет және ақпарат министрілігі;
- Туризм және спорт министрлігі.
Саясаттанушы Марат Шибұтов 2023 жылдың ең маңызды саяси оқиғасына Аудан әкімдерінің сайлауын жатқызады.
“Менің көзқарасым бойынша, биылғы жылы өткен 45 аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдерінің пилоттық сайлауы жаңа жүйе бойынша мәжіліс пен мәслихаттар сайлауынан да маңызды саяси оқиға болды. Бізде бұрыннан аралас сайлау жүйесі болған, бірақ аудандық деңгейдегі басшыларды сайлау осыдан 150 жылдан астам уақыт бұрын ғана өтті”, – дейді ол.
Шибұтовтың сөзінше, қазір бұл ондаған мың халқы бар және миллиардтаған теңге бюджеті бар әкімшілік бірліктерді басқаратын басшыларды сайлау болса, болашақта халық саны жүздеген мың адам және бюджеті ондаған миллиардқа жететін аумақтық бірліктердің әкімдерін сайлауы болады.
“Бұл сайланған әкімдер үшін де, олардың сайлаушылары үшін де – үлкен жауапкершілік. Сонымен қатар, салықтар мен төлемдердің бір бөлігі бюджеттің төменгі деңгейіне аударылды, сондықтан әкімдіктерде аумақты дамытуға және жергілікті тұрғындарды қолдауға ақша бар”, – деп түсіндіреді ол.
Саясаттанушы келесі жылы сайлауға деген қызығушылық арта түсетінін, саяси партиялардың белсенділігі артып, өзін-өзі ұсынған кандидаттар көбейетінін жеткізді. Айтуынша, бұл аяси бәсекелестікті, кем дегенде орындалуы тиіс сайлау алдындағы уәделердің көлемін айтарлықтай арттырады.
“Саяси салдары жағынан аудан әкімдерінің сайлауы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жүргізіп жатқан саяси реформалардың айқын жалғасы деп айтуға болады. Олардың нәтижесі нақты және көзге көрінетіндей, әкімдер сайлауына одан да жоғары деңгейде өтуге болатын-болмайтынын бірнеше жылдан кейін талдау көрсетеді. 5 жылдан кейін облыс әкімдерін сайлауымыз да әбден мүмкін”, – дейді Марат Шибұтов.
Қазақстанның көпвекторлы саясатының сақталуы
Жыл бойына әртүрлі еуропалық көшбасшылар мен саясаткерлер Қазақстанға келді. Атап айтар болсақ, ақпан айында Астанаға АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен, наурызда Ұлыбритания сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли, маусымда Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, қарашаның басында Франция президенті Эммануэль Макрон Астанаға ресми сапармен келді. Қонақжай Қазақстан биыл көрші мемлекеттер мен Африка елдерінің басшыларын да қабылады. Қарашаның ортасында Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстан астанасында Тоқаевпен келіссөздер жүргізіп, екі мемлекет басшылары екі мемлекет арасындағы аймақаралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына қатысты. Ал қараша айының соңында Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Қазақстан астанасына ат басын бұрды.
Саяси шолушы Ғазиз Әбішев 2023 жылғы сыртқы саясат нәтижелерінің ішінде Қазақстанның прагматикалық көпвекторлы саясатының сақталуы мен нығаюын атап өтеді. Оның айтуынша, Қазақстан өз дипломатиясын қатаң түрде ұзақ мерзімді ұлттық мүдделер негізінде құратынын барлық халықаралық ойыншылар жақсы түсінеді.
“Мысалы, Еуропалық Одақпен қарым-қатынасты алайық. Соңғы бірнеше жылда олар үлкен өзгерісті бастан өткерді. Қазақстан үкіметі сыртқы саясатты жеке пайдакүнемдік мүдделерден тазарта отырып, басымдықтарды айқын белгілеп отыр және оған еуропалықтар үлкен түсіністікпен қарайды. Қазақстан Республикасы мен ЕО (Еуропалық одақ) арасында өзара құрметке негізделген ерекше қарым-қатынас бар. Екі тарап бір-бірін жақсы түсінеді”, – дейді ол.
- 85 мың теңгеге өмір сүре алатын вице-министр, кабинетінен ішімдік табылған әкім: 2023 жылы қай шенеунік көптің сынына ұшырады
- 14 орманшы мен 51 кеншінің қазасы, Бишімбаев ісі: 2023 жыл несімен есте қалды
Саясаттанушы Ұжымдық батыс пен Шығыс блоктың текетірес жағдайында Қазақстанның барлық тараптармен тіл табыса алатын салқын ойлы саясаты еуропалық саясаткерлер арасында ерекше түсіністік тудырғаны анық екенін жеткізді. Ол болып жатқан жағдайдың Қазақстанның сыртқы саясаттағы салқын, сындарлы көзқарасының нәтижесі екенін баса айтады.
“Айта кету керек, ресми Астананың сыртқы саяси бағыты сыртқы және ішкі қысымға ұшырайды. Бірақ билік эмоцияның ақылдан басым болуына жол бермейді. Байланыстарды барынша әртараптандыру – елдің тұрақтылығының негізі. Қазақ дипломатиясы осы қағиданы басты негізге алады. Қазақстан еуразиялық интеграция аясында Ресеймен қарым-қатынасын дамытып, Қытайдың ауқымды жобаларына қосылып, ортақ түркі бағытын қолдап, Еуропалық Одақ пен АҚШ үшін тартымды серіктес бола отырып, Үндістанмен және Парсы шығанағы елдерімен белсенді әрекет етуде”, – дейді ол.
Әбішев мұндай дипломатиялық сақтық пен икемділік жаңа экономикалық мүмкіндіктерге және нығайтылған саяси егемендікке септігін тигізетініне сенімді.
Экономика мен халықтың әл-ауқаты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет алдына ұлттық экономиканың көлемін екі есе ұлғайтып, 450 миллиард долларға жеткізу жөнінде ауқымды міндет қойған. Бұған қол жеткізу үшін экономиканың тұрақты жыл сайынғы өсімін кемінде 6 пайызды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдау жоспарлануда.
2023 жылдың маңызды жетістіктерінің бірі жыл сайынғы көрсеткіште елдегі инфляцияның бәсеңдеп, өткен айда 10,3%-ға дейін төмендегені болды. Ал 2021 жылдың желтоқсанында бұл көрсеткіш 20,3 пайызды құраған.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті республиканы ірі логистикалық державаға айналдыру ниетін мәлімдеген болатын. Бұл үшін елімізде барлық жағдай бар, деп есептейді мемлекет басшысы.
Қазір елімізде автомобиль, теміржол, әуе және теңіз секторларын қамтитын бірқатар ірі көлік жобалары жүзеге асырылып жатыр. Қараша айында Алматы стансасы мен Дарбаза – Мақтаарал желісін айналып өтетін айналма теміржол желісінің құрылысы басталды. Желтоқсан айында ұзындығы 272 шақырымды құрайтын Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысы басталды. Бұл жобаны жүзеге асыру Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк айналымын тағы 20 миллион тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Бір жыл ішінде Қазақстан арқылы жүк тасымалдаудың жалпы көлемі 900 миллион тоннаға жуықтағанын айта кетейік.
Алайда Экономист Айдархан Құсайынов үкіметтің саясаты халықтың сұранысын қанағаттандырмайды деп санайды.
“Мұнай бағасы осы жылы көмектесті; негізінен бұл 2022 жылдан кейін қалпына келтіру болды. Инфляция төмендеді. Сонымен қоса жылдың қайшылықты сипатын атап өткен жөн. Бір жағынан, бізде рекордтық экономикалық өсу қарқыны бар, бірақ сонымен бірге нақты жалақы іс жүзінде тоқырауда. Халықтың кірісі төмендеуінің басты себебі – қазақстандықтардың әл-ауқаты үшін белгіленген саясаттың сәтсіздігі”, – дейді экономика талдаушысы.
Экономист келесі жылы инфляцияның 10 пайыздан төмен түспейтініне керісінше өсетініне сенімді. Өйткені теңге бағамы нарықтық бағаға сәйкес келмейтіндіктен, ол жасанды түрде нығайтылды, дейді ол.
Назарбаев пен оның келесі қадамы
Саясаттанушы Қазыбек Бейсебаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасының саясат сахнасына қайта оралып жатқанын айтады. Жақында жарыққа шыққан экс-елбасының “Менің өмірім” атты кітабы – алғашқы қадам, дейді ол.
“Тарихты жазатын – жеңімпаздар” деген ұғым бар. Кейінгі ұрпақ соны оқулық ретінде оқиды. Сондықтан мына кітап арқылы тұңғыш президент өзінің еңбектерін көрсетіп отыр. Ал қателіктерін мойындағысы келмейді. Алайда соңғы уақытта мәселелер туындап жатқан коммуналдық шаруашылықтағы былыққа кім кінәлі? Ол сол тұңғыш президенттің кезеңінен бері жалғасып жатыр ғой. Демек Назарбаевтың кланы саясат сахнасына қайта шығып жатыр. Кітап ол – бірінші қадам”, – дейді ол.
Саясаттанушы Назарбаев тұсынан бері келе жатқан кейбір шенеуніктердің қазір де жоғары лауазымдарыда отырғанына назар аударады.
Қаңтар
Ресми мәлімет бойынша 238 адам қаза тапқан Қаңтар оқиғасын билік жылы жауып қойды деген Қазыбек Бейсебаев бұл оқиғаға ашық баға берілуі тиіс екенін айтады.
“1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты әлі де толық жауап ашылған жоқ. Біз мұны кімнің ұйымдастырғанын әлі күнге дейін білмейміз. Жаңаөзен оқиғасы кезінде кім атуға бұйрық берді? Оны да білмейміз. Қаңтар оқиғасы болды – жауап жоқ. Ал бұл сұрақтар ашық күйінде қала беретін болса мұндай оқиғалар тағы да қайталануы мүмкін деген қауіп сақталады”, – дейді саясаттанушы.