Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2022 жылы Қостанай облысында өртке оранған орман енді қылмыскерлердің әрекетінен зардап шекті

2022 жылы Қостанай облысында өртке оранған орман енді қылмыскерлердің әрекетінен зардап шекті

Фото: Видеодан скрин

Қостанай облысында бір топ адам заңсыз ағаш шауып, сатты деген күдікпен ұсталды. Полиция қызметкерлері мен прокуратурамен бірлесіп олардың жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тооптың бір мүшесі, аукционда орман қоры учаскесін өңдеу құқығын алған, бұл рұқсатты ол заңсыз ағаш шабу әрекеттерін жауып тұру үшін пайдаланған. Күдіктілер “шырша” тұқымды ағаштарды шауып, оны өз бақылауындағы арналар арқылы сатқан. 

“Тергеу шаралары аясында арнайы техника, көліктер, шабылған ағаштар және шикізатты айналымға қосу мен шабуға қатысты құжаттар тәркіленді. Полицияға 20 фигурант жеткізілді, олардың ішінде ұйымдастырушылар, орындаушылар және делдалдар бар. Заңсыз схеманың бар екендігін растайтын айғақтар алынған және дәлелдер жиналды”, – деп мәлімдеді Ішкі істер министрігі.

Күдікті өңдеу құқығын алған учаске –  2022 жылғы қыркүйекте ірі өрт болған Аулиекөл ауданы. Сол кезде 30 мың гектардан астам жер өртенді. Алайда бір топ адам өрттен аман қалған шыршаларды шапқан, бірақ учаскені өртенген ағаштардан тазалау туралы ойламаған.

Аталған факті бойынша тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалып, шабылған орман көлемі мен мемлекетке келген шығын анықталып жатыр. Ішкі істер министрлігі орман қорын сақтау және елдің табиғи экожүйелерін қорғау мәселелерін тұрақты бақылауда ұстайды. Осы бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасады.

Бұған дейін Қостанай облысында 2022 жылғы орман өртінен кейінгі ағаштар аукционға шығарылғаны туралы жазған едік.

Еске салайық, Қостанай облысы Қазанбасы ауылының маңында 2022 жылы 2 қыркүйек күні сағат 15:10-де орман өртке оранған еді. Өрт шыққан жерде Новонеженка ауылынан 10 км қашықтықта, Қазанбасы ауылына қарай, жедел штаб құрылды. Мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин де сол жерде болды. Сондай-ақ Қостанай, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының жеке құрамдары біріктірілді.

Айта кетейік, 2 мың гектар аумақты алып жатқан орман өртін сөндіру үшін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннен бөлек тағы үш облыстың қызметі Қостанай облысына аттанды. Облыста қалыптасқан жағдайға байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Өрт Озерный ауылына тарады - Экология министрлігінің мәліметінше, 50-ге жуық үй өртенген. 3 қыркүйек күні кешке қарай өрт аумағы 3 мың гектарға дейін өсіп, облыстағы елді мекендер көшіріліп жатқаны белгілі болды.

"ҚазАвтоЖол" 3 қыркүйек күні кешке жағдайдың жақсаруына байланысты жабылған жолдың ашылғанын хабарлады.

Алғашында болып жатқан оқиғалар барысында мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаев орман өртіне байланысты Қостанай облысына сапардан бас тартқысы келмейтінін айтқан, алайда кейін президенттің бұл оқиғаға байланысты облыстағы жедел штабқа баруды жоспарлап отырғаны белгілі болды. Тіпті кейінірек Ақорда қазақстандық саясаткер Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар кейінге шегерілгенін, бірақ президент Тоқаев өртке байланысты Қостанай облысына баратынын мәлімдеді.

Айым Болатқызы
Жұма, 28 Қараша, 2025 10:48