Қазақстандықтар 2021 жылы наурыз айында қанша күн демалады
2021 жылы наурызда қазақстандықтар 12 күн демалы, 19 күн жұмыс істейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Наурыздағы алғашқы мемлекеттік мереке - Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз). Мереке дүйсенбіге түседі. Сондықтан бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады.
Наурыз мейрамын тойлау кезінде ел тұрғындары бес күн демалады. Атап айтсақ, сенбі, 20 наурыздан бастап 24 наурызға дейін демалады. Наурызды ресми мерекелеудің үш күнінің бірі жексенбіге сәйкес келді, сондықтан демалыс сәрсенбіге ауыстырылды.
Барлығы наурыз айында қазақстандықтарды 12 демалыс және 19 жұмыс күні күтеді.
Жалпы алғанда, 2021 жылы бес күндік жұмыс аптасы бар ел тұрғындары 245 жұмыс күн жұмыс істеп, 120 күн демалады. Демалыс күндерінің көпшілігі қаңтар мен мамыр айына сәйкес келді.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі