2021 жылы Бараат түні қашан болады?
Мұсылмандар үшін Шағбан айы қасиетті саналады. Мұсылмандар бұл айда Бараат түнін күтеді. Бұл күнді құлшылықпен өткізген адамға сауап жазылады.
2021 жылы Шағбан айының 14-нен 15-і, яғни, наурыздың 28-нен 29-на қараған түні Бараат түні болып бекітілді.
Бараат түнін әр адам оңаша құлшылықпен өткізгені абзалырақ. Көп болып жиналуға, жамағатпен намаз оқуға міндеттелмейді. Әр адам Аллаға оңаша құлшылық етеді.
Бараат түнінде қылмыс жасауға тыйым салынады. Пайғамбарымыз Мұхамед (с.ғ.с.) Шағбан айында көп ораза ұстаған. Бараат түнін құлшылықпен өткізген.
Түні бойы құлшылық етуге шамасы жетпеген адам түннің бір бөлігінде құлшылық ете алады.
Кей ғалымдардың дерегінше, Пайғамбарымыз Мұхамед (с.ғ.с.) Бараат түнінің ертесі күні ораза ұстаған.
Бұл түні дастархан жайып, қонақ шақырып, үйді әсемдеудің керегі жоқ. Бұл түнді намаз оқып, дұға етіп өткізген дұрыс.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”