Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нашар білім және денсаулық сақтау жүйесі: Қазақстан әлемнің үздік елдерінің рейтингінде 66-орынға ие болды

Қазақстан әлемнің үздік елдерінің рейтингінде 66-шы орынға ие болды. Еліміз ТМД мемлекеттері арасында тек Ресейге (23-орын) және Әзірбайжанға (61-орын) жол берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Гватемала (65-ші) мен Гана (67-ші орын) арасында орналасып, 66-шы орынға көтерілді.

Қазақстанның профайлында рейтинг құрастырушылар еліміздегі өмірдің қымбат еместігін (33,2 балл), бизнес үшін ашық (29,9 балл) екенін атап өтті.

Алайда, олар білім беру жүйесінің дамуын (0,2 балл) және денсаулық сақтау жүйесінің дамуын өте төмен деп бағалады (2 балл). Қазақстанның мәдени ықпалы 0 баллмен бағаланды, осы көрсеткіш бойынша біз 80-нен 72-ші орын аламыз. Алайда, 2019 жылы Қазақстан осы көрсеткіш бойынша 80-ші орында болды.

Сыбайлас жемқорлық деңгейі 80,4 балл, бюрократия - 46,8 баллға бағаланды.

Айта кетейік, жыл сайын әлемнің үздік елдерінің рейтингін жариялайтын US News & World Report басылымының хабарлауынша, 2020 жылы Швейцария үздік ел атанды.

Рейтинг құру кезінде келесі көрсеткіштер ескерілді:

  • кәсіпкерлікті дамыту;
  • туристер арасында танымал;
  • өз азаматтарына қарым-қатынас (адам құқықтарын қорғау, экология және гендерлік теңдік);
  • мәдени әсер;
  • тарихи мұра;
  • даму әлеуеті;
  • бизнес үшін ашықтық;
  • әскери күш;
  • өмір сапасы.

Швейцариядан басқа үздік бестікке Канада, Жапония, Германия және Австралия кіреді. Одан кейінгі орындарда Ұлыбритания, АҚШ, Швеция, Нидерланды және Норвегия орналасқан.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 24 Тамыз, 2020 12:50
Талқылау