"2020 жыл табысты жыл болады": Өткен жылға сәтті болжам жасағандар

Бір жыл бұрын қазақстандық сәуегей мен көріпкелдер, астрологтар мен жұлдыз-жормалшылар 2020 жылдың қандай болатыны жайлы түрлі болжамдар жасаған еді. Оның ішінде мамандар еліміздің экономикасы мен халықтың хәл-ахуалының күйін жорыды. Еліміз үшін оңай тимеген жылды сәтті, молшылық пен тұрақтылықтың кезеңі деп бағалағандар да кездесті. Көпшілікті қапыда қалдырған, орындалуы тиіс жорамалдары сөз күйінде қалған мамандар пікірін Stan.kz тілшісі ұсынады. 

Астролог Юлия Кацман 2019 жылғы сұхбатында келер жыл Қазақстан үшін заң саласында, кәсіпкерлікті қолдау бағытында сәтті жыл болады деп болжаған. Оның ойынша, ең жақсы даму білім саласында болады. 

Қазақстан үшін бұл жыл сәтті болады, себебі Мерген белгісінде орналасады, депті ол. 

"Мен жақсы жыл болады деп болжаймын. Себебі Тауешкі Юпитерде орналасады. Қазақстанда барлық салада жоғары ілгерілеу байқалады. Алайда ол үшін адалдық керек. Кейбіреулердің өтірік-айласы әшкере болады. Тауешкінің белсенділігінен қатал шешімдер қабылданады. Дағдарыстан соң адамдар жақсы табыс табуға мүмкіндік алады. Кәсіпті дамытуға қолдау көбейеді, жекеменшік компаниялар көбейеді, себебі Тышқан мен Тауешкі өте іскер әрі еңбекқор", - деп атап өткен еді ол.

Ал ең бастасы астролог білім беру саласында ілгерілеу болатынын айтқан еді. Әртүрлі заң өзгерістері болатынын да болжаған. 

"Білім беру саласында егде жастағы адамдар кетеді, олардың орнына еңбекке бейімді басқа адамдар келеді", - деді астролог. 

Сондай-ақ, 12 жылдық цикл бітіп, жаңасы басталған соң, барлық әлемде жаңару болады. Сондықтан жақсы жыл болады, деп болжаған еді астролог Юлия Кацман. 

Қазақстандық танымал экстрасенс Бақыт Жұматова 2020 жыл -  Кібісе жылы, сондықтан, экстрасенс астық дәндердің молшылығын, мал шаруашылығының дамуын болжады. 

Қазақстанның өмірінде көптеген салалар бойынша даму күтіледі, басқа елдермен жылу қарым-қатынас құрылады, тасымалдау процесі дамиды, деген еді ол. 

"Көптеген объектілердің құрылысы бітеді. Құрылыс жұмыстары өте көп жүргізіледі. Саяси сахнада сайлау болады. Жаңа жас саясаткерлер пайда болады. Соғыс болатынын көріп тұрған жоқпын. 2024 жылға дейін тыныш ұйықтай беруге болады".

Ал шын мәнінде 2020 жыл қазақстандағы сүт қоректілер қырылған жыл болды. Бір жылдың ішінде жылқы, үй құстары, тауықтар, ірі қара және балықтарды түрлі індеттер жаулады. Мәселен, кейін аудандағы Байкенже, Қожакент, Өзгент, Машбек Нәлібаев ауылдарында жылқы малы белгісіз себептермен ауыра бастаған. Олардың кейбірі өлім-жітімге ұшыраған. Шымкентте үй құстары белгісіз кеселден қырылып жатыр. Қанаттылардың өлімі Бадам тұрғын алабында тіркелген. Сондай-ақ, Атырау облысы Индер ауданындағы ірі қара арам қатқан

Ал нумеролог Ардана Мамедова 2020 жылы мемлекеттік қызметкерлер үшін өте жақсы жыл болатынын айтқан еді.

"Қызмет бабында мемлекеттік қызметкерлердің өсуіне көп мүмкіндік болады. Келер жыл баспаналы боламын деп жоспарлап жүргендер үшін де қолайлы жыл. Жағдайы төмен отбасыларға үлкен көмек көрсетіледі, адамдардың бірқатары армандарына жетеді", - дейді ол.

Нумеролог маман 2020 жыл Қазақстан үшін тұрақты болатынын айтқан. Ал экономика саласында, оның болжамынша, қатты өзгерістер болмауы тиіс еді. 

"Саясатта айтарлықтай өзгерістер болмайды. Зейнетақы реформасында өзгерістер болуы мүмкін. Ал кәсіп бастаймын деген адамдар көп еңбектену керек болады", - деп қосты ол.

Сондай-ақ, оңай табыс болмайтынын ескерткен еді. Барлық назарды соған аудару керек. Осы жылы отбасын құрамыз дегендерге жауапкершіліктен қарау керек, деді ол. 

"2020 жыл бізден үлкен еңбек етуді талап етеді. Бұл жыл 4 санымен келіп отыр, денсаулыққа, сыртқы келбетке көп мән беру керек. Ұзақ уақыт бас ауру болған жерлер болса, тексеріліңіздер", - деген ұсыныстарын да айтқан еді нумеролог. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр